Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанаға жыр арнаған ақындар марапатталды...

06.09.2018 7679

Астанаға жыр арнаған ақындар марапатталды

Астанаға жыр арнаған ақындар марапатталды - adebiportal.kz

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен тіл жанашырларын және «Елбасы және Елорда» республикалық жас ақындар арасында өткен радиомүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау, сондай-ақ жыр жинағының салтанаты тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 31 қазандағы №689 қаулысы бойынша 5 қыркүйек - Қазақстан Халқы тілдері күні болып белгіленді. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек елдімекенінде дүниеге келген болатын.

Ал Республикалық жас ақындар байқауына 36 автордан 70-ке жуық материал келіп түсті. «Елбасы және Елорда» жыр жинағына 36 автордың 66 өлеңі енгізілді. Ережеге сәйкес қаламгерлер өлеңдеріне Қазақстанның даму жолында Елбасының сіңірген еңбегі мен арқа төсіндегі жас қаланың 20 жылдық мерейтойын арқау еткен.

Мүшайраға ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі ақындар мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Мүшайра қорытындысы бойынша салтанатты шарада жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталды.

Ісшараға зиялы қауым және тіл жанашырлары, конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері, өнер адамдары, БАҚ өкілдері қатысты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар