Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бірқатар анимациялық фильмдер көрермендерге жол та...

18.06.2018 4559

Бірқатар анимациялық фильмдер көрермендерге жол тартты

Бірқатар анимациялық фильмдер көрермендерге жол тартты - adebiportal.kz

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы үш күндік мәдени күндері басталды. Осыған байланысты бүгін елордадағы «Оқушылар» сарайында «Кино – руханияттың көзі» жобасымен Оңтүстік Қазақстанда түсірілген анимациялық және көркем фильмдер көрсетілімі өтті.

Балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухқа тәрбиелейтін «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» атты телехикая астаналық балғындардың назарына үш күн бойына ұсынылады. Аталған фильмдерді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірдегі «САҚ» киностудиясы түсіргенін айта кеткен жөн.

«Анимациялық фильмдердің басты мақсаты – бүлдіршіндердің ұлтжандылық қасиетін ояту, ұмыт қалған рухани құндылығымызды жаңғырту. Осы фильмдерді шығарар кезде көне ертегілерімізді алып, қазіргі заманға лайықты қылып шығаруға тырыстық. Сосын фильмдердің арасына әзіл-қалжың, сәл динамика қосқанымыз бар. Бұл бүлдіршіндерді қызықтырады деп ойлаймыз», – дейді «САҚ» киностудиясының басшысы Нуриддин Исаұлы.

Айта кетсек, өткен жылы «Рухани жаңғыру» аясында «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты 3 анимациялық фильм және «Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер» атты деректі фильм түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды. Жоғарыда айтылған туындылар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қалаларындағы 1 милионнан астам мектеп оқушылары мен тұрғындарына «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында көрсетілді.

Сонымен қатар, «Отырар дастаны», «Көне құмыраның сыры», «Бәйдібек би» фильмдері бар. Биылғы жылы «Төле би» телесериалы мен «Оқсыз», «Ордабасы», «Түркістан» анимациялық фильмдері түсірілуде.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар