Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Əдебиет шаһарының Әкімі 85 жаста

12.09.2018 261

Əдебиет шаһарының Әкімі 85 жаста

12 қыркүйек күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, драматург, киносценарист, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Əкім Таразидың 85 жылдық мерейтойына орай «Әдебиет шаһарының Әкімі» атты шығармашылық кездесу өтті.

Әдеби шараны Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Əбдік жүргізді.

Еркін форматта өткен кездесу барысында Әкім Тарази өзінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, Әкім аға Кеңес дәуірі мен Тәуелсіздік кезеңдегі әдебиеттің айырмашылығы, қазақ қаламгерлерінің бүгінгі беталысы, қоғамдағы жазушылардың беделі жөнінде де сыр бөлісті. Ақиқатты айтуда ешқашан тайсалмау керектігін де еске салды.

Кездесу барысында жазушының замандастары ізгі тілектерін білдіріп, Әкім Тарази туралы ой-толғамдарын ортаға салды. Сонымен қатар, өнерпаздардың әуезді әні жиылған жұртшылықтың көңілін серпілтіп, ерекше күйге бөледі.

Әдеби кешке «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Оқу Конгресіне келген шетелдік және қазақ ақын-жазушылары, әлемге әйгiлi қаламгерлер, еліміздегі зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен студенттер қатысты.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: әкім тарази
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар