Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕЛ АРНА БАЙҚАУЛАР ЖАРИЯЛАЙДЫ!...

23.04.2018 9589

ЕЛ АРНА БАЙҚАУЛАР ЖАРИЯЛАЙДЫ!

ЕЛ АРНА БАЙҚАУЛАР ЖАРИЯЛАЙДЫ! - adebiportal.kz

Өлеңмен жазылған шығармалар байқауы

Ақпарат:

Тақырып: «Астана.20 жыл»

Өткізу мерзімі: 31 наурыз – 31 мамыр 2018 ж.

Дедлайн: 31 мамыр 2018 ж.

Өткізу орны: «Ел арна» арнасы

Мекен жайы: Астана қ., Сарыарқа көшесі, 30\1

Телефон: 8 7172 70 10 97

E-mail: кері байланыс үлгісі www.elarna.kz сайтында берілген

Байқауға қатысу – тегін!

Байқауға қатысу шарттары:

1) Ұсынылған тақырып бойынша әр алуан жанрдағы өлеңмен жазылған шығармалар қабылданады;

2) Қазақ немесе орыс тілдеріндегі туындылар қабылданады;

3) Байқауға бір автордың тек бір шығармасы жіберіледі. Көлемі 50 өлең жолынан аспауы тиіс;

4) Егер автор өз жұмыстарының арасынан нақты бір өлеңді таңдап алудан қиналса, автордың пікірі бойынша басымдыққа ие үш шығармасын жібере алады. Мұндай жағдайда байқауға қатысатын туындыны бекіту құқығы қазылар алқасының мүшелеріне беріледі;

5) Байқауға шығармасын жолдаған әрбір қатысушы осы арқылы өз авторлығын растайды,сонымен қатар, жұмысын өтеусіз негізде эфирде немесе ғаламтор ресурстарында жарық көруіне келісімін береді;

6) Байқауға бұдан бұрын ғаламтор желілерінде жарияланбаған шығармалар жіберілуі керек;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін немесе нормативті емес лексика пайдаланылған жұмыстар қабылданбайды.

8) Жолданған өлеңнің мазмұны, көркемдік ерекшелігі және тіл тазалығына баса назар аударылады. Қазылар алқасы аталған шарттарға сай келмейтін жұмыстарды байқауға жібермеуге құқылы.

9) Байқауға қатысушылар «Ел арна» арнасының аккаунтына жазылып, (Instagram/Facebook: @elarna_tv) өз шығармасын әлеуметтік желілердегі парақшасына #еларнакинопоэзия хэштегімен жариялап, «Ел арна» арнасын белгілеуі керек. Ескерту: Байқау кезінде парақшаңыз ашық болуы тиіс. (екі жеңімпазды қазылар алқасы анықтайды, ал бір жүлделі орын желіде ең көп «Like» жинаған қатысушыға беріледі)

Жүлде:

Байқау жеңімпаздарының (үш жүлделі орын болады) өлеңмен жазылған шығармалары негізінде қысқа метражды поэтикалық фильм түсіріледі.

Байқаудың міндеттері:

Біздің шығармашылық топ жеңімпаз ретінде қазылар алқасы іріктеп алған туынды желісімен қысқа метражды фильм жанрында көркем кино оқиға жасайды. Байқаудың міндеттері –поэзия мен кинематография жарасымды үйлесім тапқан кинопоэзия жанрын насихаттау.

Поэзияны шексіз сүйетін және бағалайтын барлық жандарды байқауға қатысуға шақырамыз!

«Ел арна» телеарнасының қысқа метражды ойын фильмдері байқауы

Ақпарат:

Тақырып: «Астана. 20 жыл»

Өткізу мерзімі: 31 наурыз – 31 мамыр 2018 ж.

Дедлайн: 31 мамыр 2018 ж.

Өткізу орны: «Ел арна» арнасы

Мекен жайы: Астана қ., Сарыарқа көшесі, 30\1

Телефон: 8 7172 70 10 97

E-mail: кері байланыс үлгісі www.elarna.kz сайтында берілген

Байқауға қатысутегін!

Жанр:

- ойын кино: қысқа метр (Жас санаттары: «К», «БА», «Б14»).

Санаттар:

Ойын қысқа метр (30 минутқа дейін);

* Фильмде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар, порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

Құжаттар мен материалдар:

Бізге жолданатын материал (DVD, қатқыл диск, ftp, wetransfer және т.б.) келесі ақпаратты қамтуы тиіс (маркермен белгілеу керек):

- фильмнің атауы;

- хронометражы;

- байланыс (телефон және e-mail).

Техникалық талаптар:

Бейне форматы: MP4, MOV, AVI, MXF.

Бейнедегі кадрдың көлемі: Full HD 1920 – 1080

Дыбысы: mp3 320 kB/sec 48000kHz/24bit, wav 48000kHz/24bit

Анкета:

Сценарий авторы (Аты-жөні)

Қоюшы режиссер –(Аты-жөні)

Қоюшы оператор – (Аты -жөні)

Басты рөлдегілер (Аты-жөні)

Тұжырымдама (фильмнің басты тақырыбы)

Синопсис (фильмнің қысқаша мазмұны) –

Фильмнің жанры және мақсатты аудиториясы

Анкетаға қосымша*

*Фильмнің авторлары және басты рөлді сомдаушылардың қысқаша өмірбаяны

Жүлде:

Байқауға жіберілген фильмдерді «Ел арна» арнасының көркемдік кеңес мүшелері іріктеуден өткізеді. Ең үздік деп танылған 3 жұмыс 2018 жылдың ішінде «Ел арна» арнасының эфирінен көрсетіледі.

Байқаудың міндеттері:

- Қазақстандық режиссерлер, сценаристер мен продюсерлердің жұмыстарын кең аудиторияға таратуға мүмкіндік жасау;

- көрермендерді «қысқа метр» жанрымен таныстыру;

- дебютанттарға қолдау көрсету.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар