Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«ЕЛБАСЫ және ЕЛОРДА» атты республикалық мүшәйра жарияланды

16.04.2018 260

«ЕЛБАСЫ және ЕЛОРДА» атты республикалық мүшәйра жарияланды

Астананың 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен өтетін «ЕЛБАСЫ және ЕЛОРДА» атты республикалық радиомүшәйраның ережесі:

Мақсаты:
Астананың әлем мен ел алдындағы маңызын, алар орнын, даму сатыларын өлеңге арқау ете отырып Елбасының еңбегін көрсету. Сол арқылы Елді, Жерді, Отанды құрметтеудің үлгісін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.

Шарты:
Радиомүшәйра мемлекеттік тілде өтеді. Мүшәйраға қатысатын ақын «Еңселі елордам» және «Елтұтқа – Елбасы» деген тақырыпты қамтитын екі өлең жолдауы керек. Әр өлеңнің көлемі 10 шумақтан аспауы тиіс. Радиомүшәйраға 18 бен 35 жас арасындағы ақындар қатысады. Мүшәйраға ұсынылған жыр маржанын сараптау үшін тәуелсіз қазылар алқасы жасақталады. Іріктеуден өткен өлеңдер Қазақ радиосының эфирінен оқылады.
Республикалық радиомүшәйра арнайы хабар ретінде радио эфиріне қойылады:

Жиілігі: ​​аптасына бір рет;
Ұзақтығы:​ 10 минут;
Жанры:​​поэзия.

1. Радиомүшәйраға қатысатын ақындар өлеңдерін radio.mushaira@gmail.com электронды поштасына жібереді.
2. Еш жерде жарияланбаған өлеңдер 2018 жылғы 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында қабылданады.
3. Мүшәйраның қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланады.
4. Үздік деп танылған өлеңдер арнайы жинаққа енеді.
5. Сонымен қатар үздік өлеңдер аудиодискіге жазылады.
6. Ең үздік 5 ақынның өлеңіне «Қазақстан» ұлттық арнасы бейнесюжет түсіріп, эфирден береді.
7. Жеңімпаздарға қаржылай жүлде, сертификат, диплом беріледі:


І орын - 1 жүлдегер 500 000 теңге;
ІІ орын - 2 жүлдегер 300 000 + 300 000 (600 000 теңге)
ІІІ орын - 2 жүлдегер 200 000 + 200 000 (400 000 теңге)

8. Мүшәйраның қорытынды поэзия кеші «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді.
9. Анықтама телефоны 8 (7172) 75 73 12, 75 72 99

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар