Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Өнер ордасына 85 жыл!...

24.04.2018 10369

Өнер ордасына 85 жыл!

Өнер ордасына 85 жыл! - adebiportal.kz

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы көптармақты және көпсалалы оқу орны, түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайтын шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын, өзін мойындатқан орталық. Биыл Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы өзінің 85 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Өнер Ордасының қазақтың өнері, тілі мен әдебиеті, мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Академияда талай-талай қазақ мәдениетінің қазығын қаққан ірі тұлғалар талантты жас ұрпақ өкілдерін құсбегідей баптап сахна төріне шығарды. Сонымен қатар, Академия тарихында суретшілер одағы, симфониялық және ұлттық оркестрлер құрылды, музейлер ашылды. Академия түлектері осы 85 жыл ішінде Қазақтың ұлттық өнері әлемнің үлкен сахналарында өз өнерлерін паш етті.

Қазақ ұлттық өнер академиясы 85 жылдық мерейтойына арналған «Өнер ұлт келбеті» атты концерті Алматы қаласында Республика сарайында дүйім жұрт алдында атап өтті. Кештің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова сөз алып, Академияның профессор-оытушы құрамы мен қызметкерлерін құттықтады. Ол өз сөзінде: «Елбасымыз рухы дербес биік ұлт қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жариялағандығы белгілі. Осы үлкен бастамаларды жүзеге асыруда Академияның орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Себебі Сіздер Қазақстан Республикасының ұлттық және жалпы адамдық құндылық, шығармашылық жетістіктер негізінде өнер тұлғаларын дамыту мен кәсіби қалыптастыру жолында халқымыздың егеменді өміріне талмай қызмет атқарып, жан-жақты, бәсекеге қабілетті білікті де білімді мамандар дайындауға сүбелі үлес қосып келесіздер. Кілең қазақ өнерінің дарабоз тұлғаларынан жасақталған ұстаздардан тәлім алған шәкірттеріңіз Республикалық және Халықарылық өнер байқауларында жүлдері орындар иеленіп бүкіл қазақ елінің мәртебесін асқақтатып жүр», – деп айрықша атап айтты.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары ел тарихындағы ауыр кезең болғанына қарамастан, қазақ топырағында кәсіби өнер мамандарын дайындау Қазақ АССР-нің 1933 жылдың 29 сәуіріндегі Кеңес Халық ағарту комиссариатының «Театр-музыка мамандарын даярлау шаралары туралы» қаулысы бойынша «Театр-музыка» училищесі болып республика театрларына кәсіби актерлер дайындауға алғаш түлектер қабылдаған кезден басталды. Аталған училищенің бірінші құрамын 16 адам бітіріп шықты. Олардың арасында Айша Абдуллина, Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова сияқты өнер майталмандары бар. Осыдан кейін Республикамызда музыка, сурет, хореография, өнері мамандарын дайындайтын училищелер мен техникумдар ашылып, кейін үлкен оқу ордаларына айналды. Солардың арасында Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының өнер мамандарын дайындауға қосқан үлесі орасан зор.

Академияның шығармашылық ұжымы сондай-ақ Астана, Қызылорда қалаларында мерейтой аясында мерекелік шаралар жалғасын табады деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар