Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ұлт болмысы» бәйгесі мәреге таяп келеді

14.03.2018 848

«Ұлт болмысы» бәйгесі мәреге таяп келеді

«Ұлт болмысы» әдеби байқауына қатысуға қабылдау аяқталды.

Байқау жарияланған күннен бастап бүгінге дейін 130-ға жуық шығарма келіп түсті.

Ендігі кезекте осы шығармаларды іріктеу басталады.

Іріктеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - байқау шарттарына сай келмейтін, бұрын жарияланған немесе өзге әдеби байқауларға қатысып жүлде алған шығармалар конкурстан алынып тасталады. Бұл алғашқы кезеңді байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы бірлесе отырып анықтайды. Айта кету керек, бұрын жарияланған, бірақ, тақырыбы ауыстырылып, қайта жолданған шығармалар жайлы нақты мысалдар мен сілтемелерді көрсете отырып, дәлелді уәж айтқан бірнеше хат келіп түсті. Ұйымдастырушы тарап алдымен осындай шығармалардың бірқатарын анықтап отыр (бұл туралы порталымызда алдағы күндері нақты материалдар жарияланады). Сапасы сын көтермейтін шығармалар да конкурстан шеттетіледі.

Алғашқы іріктеуден өткен қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады (екінші кезеңге өткен шығармалар да Порталда жарияланады).

Екінші кезең – қазылар алқасының талқысы. Ақтық кезеңге өтетін, байқаудың барлық талаптарына толықтай жауап беретін шығармаларды іріктеп алады. Ақырғы кезеңге өткен материалдар да көпшілік оқырманға ұсынылады.

Үшінші кезеңде – жеңімпаздар анықталады. Қазылар алқасының арнайы отырысында жан-жақты талқыланып, жүлделі орындар белгіленеді. Қазылар алқасының отырысы туралы, ол жерде айтылған пікірлердің барлығы байқау қорытындысы белгілі болып, марапаттау аяқталған соң «Әдебиет порталында» көпшілік назарына ұсынылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан 2 ай бұрын (негізі байқаудың ресми жарияланғанына бір жыл уақыт болған) Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығы және «Әдебиет порталы» интернет-жобасы бірлесе отырып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына орай поэзия, проза, журналистика және драматургия салалары бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы» байқауын жариялаған.

Байқаудың Бас жүлде иесі – АВТОКӨЛІК мініп қайтады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау 26 наурыз күні Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Өзгерістер болып жатса Әдебиет порталы арқылы қосымша хабарланады. Ал, байқау жеңімпаздары марапаттау кешіне арнайы шақырту алады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар