Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлі Таразда...

07.06.2018 2758

«Жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлі Таразда

«Жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлі Таразда - adebiportal.kz

«Жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлінің эстафетасы енді Таразда. Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен Алматы қаласында алғаш ұйымдастырылған поэтикалық дуэль эстафета түрінде өзге облыстарда жалғасын тауып келеді.

Алматының жас ақындары эстафетаны қарағандылық ақындарға табыстаған болатын. Қарағанды облысында жалғасқан «Жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлі жоғары деңгейде өтіп, эстафета Жамбыл облысының жас ақындарына тапсырылды.

Енді міне, көне Таразда «Жамбылдың жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлі өткелі жатыр. Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен өмірге келген жобаның Тараз қаласында өтуіне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық кәсіподақтар бірлестігі қолдау білдіруде.

Сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіровтің жеке демеушілігімен Жамбылдың «Жыр қағанына», арнайы жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы үлестіріледі.

Шара соңында эстафета Шығыс Қазақстан облысының жас ақындарына табысталады. Жыл соңына дейін облыс-облыстарда өтетін поэтикалық дуэльдің қорытынды кезеңін Алматы қаласында өткізу жоспарлануда.

Жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде облыстардағы «Жыр қағандарының» басын қосып, Қазақстан жас ақындарының «Жыр қағанын» тағайындау үшін қорытынды поэтикалық дуэль өтеді.

«Жыр қағаны» сайланған соң, келесі поэтикалық дуэль өткенге дейін бір жыл бойына «Жыр қағанын» өңір-өңірлерге шақырып, жыр кештерін, кездесулер өткізу, кітабын шығару, телеарна, радио, республикалық басылымдар мен сайттарда сұқбаттар ұйымдастыру, жырларын насихаттау көзделуде.

«Жамбылдың жыр қағаны – 2018» поэтикалық дуэлінің жоғары деңгейде өтуіне тілектеспіз!

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар