Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Арнайы жоба «Поэзия әлемі»

Жыр жауһары

 

Қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» арнайы жобасын ұсынады. Арнайы жоба интернет байқау түрінде жүргізіледі.

 

Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек:

 

1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик немесе аудио нұсқасын жасау арқылы қатыса алады.

 

2. Ұсынылатын ақындар:

 

  • Абай Құнанбаев
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • Сұлтанмахмұт Торайғыров
  • Міржақып Дулатов
  • Мағжан Жұмабаев
  • Ілияс Жансүгіров
  • Сәкен Сейфуллин
  • Қасым Аманжолов
  • Мұқағали Мақатаев
  • Жұмекен Нәжмеденов
  • Сағи Жиенбаев
  • Төлеген Айбергенов
  • Қадыр Мырза Әлі
  • Тұманбай Молдағалиев
  • Фариза Оңғарсынова
  • Жұматай Жақыпбаев
  • Әмірхан Балқыбек

 

3. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

 

Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады.

Гран при – біреу ( жүлделі деп танылғандар арасынан)

 

  • І орын – 1 (біреу)
  • ІІ орын – 3 (үшеу)
  • ІІІ орын – 5 (бесеу)
  • Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)

 

4. Ұсынылатын жұмыстар 2018 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.

 

5. Ұсынылатын жұмыстарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасына тіркеліп, «видео жүкте» тетігі арқылы жолдауға болады.

 

6. Видео жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары 

 

7. Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.

 

8. Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылы желтоқсан айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

 

9. Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: +7 (7172) 79 82 12;

 

adebiportal.kz

 

ары қарай оқу