Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Біз туралы

 
«Әдебиет порталы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленген.
 
Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жоба – қазақ елінің әдеби мұрасына қызығушылық танытқан кез келген көзі ашық, көкірегі ояу оқырманның басын біріктіретін, сол әдеби мұраны заңды түрде бір жерге жинақтайтын әдеби платформа. 
 
Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының және алыс-жақын елдердегі қазақ ақын-жазушыларына ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін әлемдік аренаға шығару. Қазақ және әлем әдебиетінің кең ауқымды қамтитын электронды қорын жасақтау.
 
Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Әр авторға жеке бет арналған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр авторға өз шығармашылығын еш кедергісіз ұдайы дамыту үшін «Ашық мінбер» атты бөлімде әдеби блог жүргізуіне мүмкіндік қарастырылған. 
 
«Әдебиет порталында» балалар мен жасөспірімдер де ерекше назарда. Оларға арналған аудиокітаптар мен танымдық энциклопедиялар, ертегілер мен аңыздар топтастырылған.
 
 
«Әдебиет порталы» - әдебиет әлемі. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Көріңіз. Қатысыңыз. Бірге болыңыз!
 
 
 
 
Жоба жетекшісі:
Бауыржан Қарағызұлы
 
 
 
 

 
 
 
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 
Астана қ., Мәңгілік Ел 4, "Алтын Орда" БО, 10 қабат, 1000 кеңсе. 
 
Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12. Эл. пошта:  adebiportal@gmail.com