Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Абай Құнанбаев

Авторлар мен баспаларға

Құқық иеленушілер үшін

 

«Әдебиет порталы» (бұдан әрі - Портал) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғам тарапынан әзірленді.

Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа.

Портал Қазақстандағы PDF және EPUP форматындағы аталған Порталдың орасан зор кітап базасының әлеуметтік оқылымына мүмкіндік беретін және ұтымды жетекші платформаларда/тұғырнамаларда көшбасшы болуды мақсат етеді.

Портал (adebiportal.kz) шығармашылармен, баспагерлермен және басқа да құқық иелерімен (бұдан әрі — Авторлар мен) олардың шығармаларын таратуға қолайлы мүмкіндіктер жасап, Портал  аясында заңға қайшы келетін әрекеттерге қарсы қызмет жасайды.

Портал Авторлардың кітаптарын көпшілікке таратып қана шектелмей, сонымен қатар олардың авторлық құқықтарының бұзылуына жол бермеуде де қолғабыс етеді.

 

 «Әдебиет порталы» порталындағы авторлық құқық туралы шарттар

 

1.      Жалпы ережелер

 

·       Порталда орналастырылған барлық материалдар, оның ішінде дизайн элементтері, қолданбалы  интерфейстің құрама бөліктері (мәтін, графикалық бейне, скриптер, бағдарламалар, дыбыстар), сонымен қатар басқа материалдар, «Казконтент» АҚ-ның (бұдан әрі — Әкімші) ерекше құқықтық объектілері болып табылады, бұл объектілерге барлық құқықтар қорғалған.

·       Порталда жарияланған материалдардың ешқайсысының да көшірмесі жасалуына (жаңғыртылуына), өңделуіне, таратылуына, бейнеленуіне, жариялануына, жүктеп алынуға, жіберуге, сатылуына жол берілмейді немесе Әкімшінің алдын-ала келісімінсіз тұтастай немесе бөлімдері басқа да тәсілмен пайдаланылмайды, бірақ Әкімші өзінің толық келісімін берген жағдайда материалдарды кез-келген тұлға өз қалауынша пайдалануға рұхсат етіледі.

·       Пайдаланушы Порталда өзіне заңды негізде тиесілі материалдарды орналастырғанда басқа пайдаланушыларға оларды көшіру және қарап шығуға ғана құқықтық мәртебе береді, бірақ мұндай пайдалану құқығы басқа құқық иеленушілердің заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіретіндей немесе нұқсан келтіру қаупі туатындай басқа жағдайларда шектеледі.  

  • Порталда орналастырылған және коммерциялық емес айрықша жеке өзінің пайдалануына арналған материалдарды авторлықтың барлық белгілері (копирайттар) сақталған жағдайда немесе авторлық, автордың атын және материалдарды өзгертусіз қалдыру туралы ескерту берілгенде пайдалануға болады.

·       Пайдаланушының материалдарды пайдалану құқығы болмаған жағдайда немесе тиісті құқық иеленушінің нақты келісімі болмаса, жалпы көпшілікке жариялауға  (Порталда жариялауға) құқығы болмайды.

·       Автордың немесе басқа құқық иеленушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз материалдарды коммерциялық емес жеке өзіне ғана пайдалану шегінен асырып пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

·       Пайдаланушы Порталдан басқа сайттарға ауысқан жағдайда осы Ережелер пайдаланушы үшін өз күшін жояды.

 

2.      Авторлық құқықты қорғау, авторлармен және басқа құқық иеленушілермен ынтымақтастық

 

·       Порталда кітаптар авторлардың немесе басқа құқық иеленушілердің (бұдан әрі — Авторлар) құқықтары тапталған жағдайда орналастырылса, Әкімші осы себеппен мұндай материалдарды авторлық немесе басқа да құқықтары бұзылған тұлғалардың негізделген талабымен шектеуге дайын екенін білдіреді.

·       Әлдеқандай сұрақтар туындаған жағдайда автор adebiportal@kzcontent.kz  электрондық мекен-жайына «Авторларға» тарауында баяндалған талаптарға сәйкес «Авторлық құқықтың бұзылуы туралы ескерту» деген белгімен Құқықтың бұзылуы туралы ескерту жібере алады.

 

3.      Авторлық  құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік

 

·       Пайдаланушы кез-келген материалды немесе басқа да ақпаратты Порталда  жариялағаны  және оның көмегімен немесе басқа да жолдармен жалпы көпшілікке таратқаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады. Егер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзіне берілген немесе тиесілі құқықтары болмаса Пайдаланушы Порталда материалдарды алуға, жіберуге немесе жариялауға байланысты іс-әрекеттер жасауға құқығы болмайды.

·       Порталдың қолданбалы интерфейсін пайдаланып, пайдаланушы материалдарды Порталда өз бетімен орналастырған жағдайда Әкімші бұл материалдар мен негіздемелердің орналастырылуының осы Ережелер мен Қолдану келісіміне сәйкес келуін алдын-ала тексермейді. Мұндай жағдайда, Әкімшінің Порталда орналастырылған материалдарды бағалау құқығы бар, сонымен қатар, егер оның пікірінше, заңнамаларда жарамды қолданушылық келісімі  немесе үшінші тұлғалардың құқықтары  мен  заңды мүдделері бұзылатындай болса, өзінің жеке шешімімен кез-келген себеппен немесе еш себепсіз, алдын-ала ескертусіз пайдаланушы орналастырған кез-келген материалды алып тастауға, орнын ауыстыруға немесе шектеу қоюға құқығы сақталады.

·       Порталда орналастырылған коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез-келген сайтқа, өнімге, қызметке, ақпаратқа сілтеме жасау Әкімші тарапынан аталған өнімдерді (қызметтерді) қолдау немесе ұсыну болмайды.

Авторлық құқықты қорғау

Порталдың әкімшісі - ҚР тіркелген «Казконтент» АҚ. Біз сандық (цифрлық) заманда авторлық құқық туралы және авторлық құқық туралы басқа да қолданыстағы заңдарға бағынамыз, сондықтан құқық бұзғандығы туралы тиісті ескерту алып, заңсыз орналастырылған кітаптарды алып тастаймыз.

1.    Егер Сіз автор болсаңыз және Порталда өз кітаптарыңызды ұшыратсаңыз сіз:

adebiportal@kzcontent.kz электрондық поштасы арқылы әкімшінің агентімен байланысып өз құқығыңыз туралы мәлімдей аласыз;

Құқық бұзушылық туралы біздің тағайындалған агентіміздің  adebiportal@kzcontent.kz  поштасына жазып жібересіз, Портал дереу ескертуде көрсетілген кітаптарды оқу мүмкіндігін шектейді.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылық туралы ескертуді алғаннан кейін 5 (бес) күн ішінде Портал талас тудырған кітаптарды оқуға мүмкіндікті шектейді, немесе талапнамадағы ақпарат жеткіліксіз болса және мәлімдеуші күдік тудырған болса, ескертуді жіберген тұлғамен хабарласып, қосымша ақпарат жинайды.

Порталда алынған әрбір кітап автоматты түрде бұдан бұрын алынған кітаптармен салыстырылады және нақты бір кітапқа құқық иеленуші өз құқығын білдірсе немесе құқық иеленушінің құқық бұзушылық туралы ескертуі жіберілген жағдайда, пайдаланушы мұндай кітапты қайтадан жалпы көпшіліктің қолдануы үшін орналастыра алмайды.

2.    Егер құқық бұзушылық туралы ескерту негізінде кітапты оқу мүмкіндігі шектелгеннен кейін пайдаланушы осы шектеуге байланысты өзінің наразылығын білдіріп, онымен келіспесе және өзін осы шектеу қойылған кітаптың құқық иеленушісі санаған жағдайда бұл пайдаланушының Қарсы ескерту жіберу құқығы бар, мұнан кейін бұл кітапты оқу мүмкіндігіне шектеу алынады. Пайдаланушы жіберген бұл қарсы ескерту құқық бұзушылық туралы ескерту жіберген тұлғаға бағытталады.

Пайдаланушылардың назарына: Қарсы ескерту жасау салдарынан, құқық бұзушылық туралы жіберген тұлға (Автор) мен Қарсы ескерту жіберген тұлғаның (пайдаланушы) арасында құқық иеленушілікті анықтау мақсатында соттың іс қарауына жіберілуіне соқтыруы мүмкін.

 

«ӘДЕБИЕТ ПОРТАЛЫ» ПОРТАЛЫНДА ЖЕКЕ БАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

МАРХАБАТ, ОСЫ ҚҰЖАТПЕН ӨТЕ МҰҚИЯТ ТАНЫСЫҢЫЗ, БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТЫ СІЗ БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ. АТАЛҒАН СЕРВИСТІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП,  СІЗ ЖЕКЕ БАС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСЕТІНІҢІЗДІ  РАСТАЙСЫЗ.

Сіздің осында ұсынылған қызметтерді пайдалануыңыз, оның ішінде жеке ақпаратты қорғауға байланысты барлық дау-дамайлар құпиялылық туралы осы Ережелермен («Жеке ақпаратты қорғау ережелері») және Қызмет көрсету шарттарымен реттеледі  «Әдебиет порталы» (adebiportal.kz) (бұдан әрі - Портал).

Порталдың қызметін пайдаланғанда (төмендегі анықтамаға сәйкес), Сіз төменде келтірілген осы Ереже мен Қызмет көрсету шарттарымен келісесіз.

Барлық уақытта да аталған бетте жариялау арқылы осы Ережелерге өзгертулер енгізуге біздің құқығымыз сақталады.

Өтінеміз, осы Ережелерге өзгертулер енгізілгенін немесе өзгертулер болмағанын анықтау үшін Сіздің соңғы рет оқыған мерзім мен осы редакциядағы төменде келтірілген  мерзімге назар аударыңыз.

Сіздің  өзгертілген  Ережелер жарияланғаннан кейін Порталдың кез-келген бөлімін пайдалануды жалғастыруыңыз Сіздің осы өзгерістермен келіскеніңізді білдіреді.

Осы Ережелерді соңғы редакциялау 2013 жылдың 28 желтоқсанында жүзеге асырылды. «Казконтент» АҚ (жиынтық атауы «Әдебиет порталы»)  ақпаратты жинау мен тарату тәртібі туралы мәліметтер беру үшін www.adebiportal.kz  мекен-жайы бойынша Портал пайдаланатын және плагиндер, қондырмалар мен қосымшалармен (жиынтық атауы «Веб-портал») байланысқан осы Ережелерді әзірледі.

Мархабат, құпия ақпаратты сақтаудың осы Ережелеріне  байланысты  барлық сұрақтарыңыз бойынша Порталдың үйлестірушісіне adebiportal@kzcontent.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.

Егер Сіз осы Ережелермен ұйғарылған шарттардың орындалуына байланысты мәселелер мен үйлесімсіздіктер болу қаупі бар деген пікірде болсаңыз, бізбен мына электрондық пошта adebiportal@kzcontent.kz арқылы хабарласуыңызды өтінеміз.  

 

Үндеу

 

Портал өзінің барлық клиенттеріне, Порталға кірушілер мен пайдаланушыларға жоғары талапқа сай, оның ішінде атап айтқанда, жеке ақпаратты сақтауға байланысты  сапалы қызмет көрсетуге ынталы.

Біз Порталдың ақпаратты жинау мен пайдалану тәртібіне қатысты Сізде сұрақтар туындауы мүмкін екенін түсініп, осы Порталда пайдаланылатын құпия ақпаратты сақтау тәртібі туралы Сізді хабардар ету үшін осы құжатты дайындадық.

Біз Сіз жайлы ақпаратты немесе біздің клиенттеріміздің тізімін сатпаймыз және үшінші тұлғаларға жалға бермейміз.

Бірақ, төменде толық сипатталғандай, Сіз туралы жеке ақпараттың бірқатары қатаң шектеу қойылып үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін болатын шектеулі жағдайлар бар, сондықтан жеке ақпаратты сақтаудың осы Ережелерімен Сіздің танысқаныңыз өте маңызды.

Осы Ережелерде Сіз туралы ақпаратты қорғау үшін қолданылатын шаралардың жалпы және техникалық көптеген сипаттары берілген.

Осы Ережелер Сізді қызықтыратын мәліметтерді жедел тауып алу үшін негізгі үдерістер мен салалар бойынша тарауларға бөлінген. Біз атқаратын барлық қызметтің мәні - Сіздің барлық қажеттіліктеріңіз бен мұқтаждықтарыңызды қанағаттандыру және Сіздің мәліметтеріңізді қорғау. Жеке бас туралы ақпарат Порталда жинақталады және осы Ережелермен танысқаннан кейін Сізде сұрақтар мен түсініктемелер туындаса, бізбен мына электрондық пошта арқылы adebiportal@kzcontent.kz хабарласуыңызды өтінеміз.

 

Құпия ақпаратты сақтаудың Ережелерін өзгерту

 

Портал біздің жеке бас туралы қандай ақпарат алатынымыз,  оны қалай пайдаланатынымыз және қандай жағдайларда ашатынымыз жайлы Сіздің хабардар болғаныңызды қалайды.

Төменде келтірілген жеке бас туралы біз алатын және сақтайтын барлық мәліметтер осы ақпаратты алу кезінде қолданыстағы Ережелер редакциясымен реттеледі.

Портал  Ережелерді өз қалауынша кез-келген уақытта және мезгілімен өзгертіп тұрады, мұндай маңызды өзгертулерді Порталдың басты бетінің көрнекті жерінде орналастырады.

Сізге мұндай өзгертулермен келіспеуге мүмкіндік беріледі. Егер мұндай өзгерістердің әсерінен Сіз Порталдың өзіңіз туралы мәліметтерді пайдалану тәртібін өзгертуді қаласаңыз,  осы Ережелердегі Жеке бас туралы мәліметтерді өзгерту тарауында (төменде келтірілген) сипатталған тәртіппен жүзеге асыра аласыз.

Егер хабарлама жарияланғаннан кейін отыз (30) күн өткеннен кейін  Порталды пайдалануды жалғастырсаңыз, Сіз хабардар етілген болып саналасыз және Ережелердегі өзгерістер Сізге де қатысты таралады, бірақ жеке мәліметтерді Порталмен беру сәтінде Сіз бұл ақпараттардың Сіз бен Портал арасында немесе үшінші тараптармен пайдаланылуына шектеу қойсаңыз Сіздің тікелей келісіміңіз болмаса  Портал Сіздің қалауыңызды  өзгертпейді.

Бөтен Веб-сайттар

Портал Ғаламтор сайттарындағы ақпаратты жинау және тарату тәртібін бақыламайды. Порталға кіргенде Сіз біздің бақылауымыздан тыс сайттарға сілтеме алуыңыз мүмкін.

Портал басқа бөтен веб-сайттардың көмегімен құрылған кез-келген ақпаратты, оның ішінде кіруі туралы ақпаратты қоса, пайдалануға жауапкершілік алмайды.

Портал бөтен веб-сайттарға сілтеме жасауы мүмкін. Мұндайда мұқият болуыңызды өтінеміз, жеке ақпаратты қорғау тәртібі мен мұндай сайттардың мазмұнына біз жауап бермейтінімізге назар аударыңыз.

Біз жеке электрондық мекен-жайларға жарнамалық электрондық хабарламалар жіберумен айналыспаймыз.

Портал үшінші тұлғалардың иелігіндегі және қолдауындағы сыртқы веб-сайттарға гиперсілтемелер жасауы мүмкін.

Портал бөтен сайттарды бақыламайды және олармен байланыс жасамайды, сондықтан Портал олардың ақпараттарының дәлдігіне, толықтығына және сапасына жауапкершілік алмайды.

Бөтен сайттардың барлық және кез-келген мағынасы Порталға ұсынылатын өнімдер, қызметтер немесе ақпараттарды қамтымайды.

Сыртқы сілтемелерге байланысты барлық сұрақтар мен түсініктемелер бойынша әкімшіге немесе сол сайттың веб-мастеріне жүгініңіз.

 

Пайдаланушылар контенті

 

Портал пайдалаушыларға өзінің контентін Порталға «облачн» серверінде онымен басқа пайдаланушыларды таныстыру үшін  салуға («Пайдаланушылар контенті») мүмкіндік береді. Пайдаланушылар контентін  орналастыру олардың заңдылығын, түпнұсқалығын немесе шынайылығын Порталмен мақұлдау, кепілдік беру немесе растауды білдірмейді. Пайдаланушылар контентін  орналастырған иеленушіге немесе пайдаланушыға осы контентке байланысты барлық қауіп-қатерді, оның ішінде, атап айтқанда Портал қызметін пайдаланушылар алдында әлеуеттік құқықтық және басқа да жауапкершіліктер жүктеледі.

 

Заңдық мәселелер

 

Портал әртүрлі заң құзіретімен реттелуі мүмкін, оның ішінде ҚР заңдары, себебі аталған Портал ҚР-да құрылған, басқа да заңдық құзіретпен реттеледі, себебі Порталға кіру әртүрлі құзірет, оның ішінде ҚР трафиктері көмегімен жүзеге асырылады.

Портал заң талабымен немесе қонақтарды, кірушілерді, әріптестерді, Порталдың мүлкін тексеруге және зарарлық әрекеттерден қорғауға қажет болғанда жеке ақпаратты Сіздің рұқсатыңызсыз аша алады.

Жоғарыда айтылғандай, жеке ақпарат туралы заңнамалар әр елде әртүрлі.

Құқық қорғау немесе сот органдары Порталдан қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға беруге талап етуі мүмкін.

Құқық қорғау немесе сот органдарының талабы бойынша біз сәйкес құжаттамаларды алғаннан соң талап етілген ақпаратты береміз. Сонымен қатар, Портал заңмен рұқсат етілген жағдайларда өзінің мүлкін, адамдардың денсаулығын және қауіпсіздігін қорғау үшін құқық қорғау органдарына ақпарат беруге құқығы бар.

 

I. ЖИНАҚТАЛҒАН АҚПАРАТ  

 

Қарап шығу

Портал Сіздің компьютеріңізден Сіз Порталды қараған кезде және біздің серверлерден беттерге/парақтарға сұрау салғанда жеке басыңыз жайлы ақпаратты алмайды. Бұл Сіздің өз еркіңізбен және санаңызбен өзіңіз туралы ақпаратты бергеніңізді назарға алмағанда, біз Сіздің атыңызды, электрондық мекен-жайыңызды немесе басқа жеке басты сәйкестендіретін мәліметтеріңізді білмейтінімізді білдіреді.

Біз Порталдың қалыпты қызметін қамтамасыз ету және Сізге Порталда көрген атқарымдық мүмкіндіктерді ұсыну үшін ақпарат жинақтаймыз, себебі біздің серверлер  бұл ақпаратты порталдың беттерінде Сізге ұсыну үшін қолданады.

Сонымен қатар, біз бұл мәліметтерді Порталға кірушілерге ақпараттар барынша түсінікті болуы үшін және Сіздердің қажеттіліктеріңізді жоғары талапқа сай қанағаттандыру мақсатында Портал жұмысын одан әрі жетілдіруге, оның мазмұны мен  қызмет аясын кеңейтуге қолданамыз.

 

Біздің жинақтайтын ақпараттарымыз

 

Порталға кіруші ретінде Сіз жеке мәліметтеріңізді бермей-ақ кез-келген қызмет түрін жасай аласыз. Онлайн қосымшаларын пайдалануға, Порталда ұсынылатын кез-келген өнімді және  қызмет түрін алуға байланысты Портал Сізден ерікті түрде өзіңіз туралы толтыру және онлайн нысан беру арқылы бірқатар мәліметті беруіңізді сұрауы мүмкін. Мұндай қызметті іске асыру толығымен өз таңдауыңызда. Егер Сіз  бұл қызметті іске асыруға шешім қабылдасаңыз, Портал Сіздің жеке басыңыз туралы мәліметтерді, яғни сәйкестендіретін немесе сәйкестендіруге қолданылатын, байланыс үшін немесе

тұлғаның тұрған жерін анықтау үшін, оның ішінде Сіздің есіміңіз бен тегіңіз, мекен-жайыңыз (пошта индексі қоса), электрондық адрес немесе басқа да ақпаратты сұрауы мүмкін. Мұндай мәліметтер  тіркелуге байланысты сұралады.

Сонымен қатар, төменде келтірілгендей, егер Сіз өнімнің жаңартылуы жайлы ақпарат алуға жазылсаңыз, аздаған ақпарат сұралады. Сіз сұрақтардың барлығына жауап бермеу құқығыңыз бар және кез-келген уақытта мұндай ақпарат алмасудан бас тарта аласыз. Бірақ, Сіз сұралынған ақпаратты бермеуге шешім қабылдасаңыз, осы ақпараттың алынуына байланысты болатын қызмет түрін біз көрсете  алмауымыз мүмкін. Қызмет түрлеріне байланысты біз сұрайтын бірқатар ақпаратты беру міндетті түрде, ал біразы ерікті түрде беріледі.

Егер Сіз белгілі бір қызмет түріне байланысты міндетті түрде қажет болатын  мәліметтерді бермесеңіз, ондай қызмет түрлерін іске асыра алмайсыз. Портал Сізді өзіңізден сұралған немесе талап етілген ақпаратты беру міндетті немесе міндетті емес екені туралы хабардар етеді.

Портал  Порталдан алынатын ақпараттардың айрықша иесі болып табылады.

Егер біз мұны заң бойынша іске асыруға міндетті болсақ, немесе біз ерікті түрде мұндай әрекеттер бұлжымайтын заңды орындау үшін, құқық қорғау органдарына жәрдемдесу немесе сот процестерін орындау үшін және басқа мемлекеттерде кейіннен қабылданған заңдардың орындалуына қажет деп адал ниетпен санасақ,

 

 

 

 

Жеке есеп жазбасы

 

Сіз өз қалауыңызбен өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен жеке есеп жазбасын құруыңызға болады. Сіз өзіңіздің жеке есеп жазбаңыздағы ақпаратты Веб-портал арқылы онлайнмен қарай аласыз, өзгерте және жаңарта аласыз.

 

Жеке мәліметтерді өзгерту

 

Тіркелген пайдаланушы ретінде Сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре арқылы, өзіңіз туралы мәліметтерді барлық уақытта да өзгерте аласыз.

 

Балалар туралы ақпараттар

 

Халық қалаулыларының бір тобы Мәжіліске «Балаларды олардың денсаулығына және дамуына кесірін тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР заң жобасын енгізді, бұл балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету басымдығының қажеттілігінен туындаған, көпшілікке танылған, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасында ратификацияланған БҰҰ-ның Балалардың құқықтары туралы конвенциясында бекітілген.

Заң ата-аналарға өздерінің балаларының денсаулығына және дамып-жетілуіне кесірін тигізетін ақпараттардан қорғау бойынша бірқатар құқық береді. Жоба бойынша  балалардың денсаулығына және дамып-жетілуіне кесірін тигізетін ақпараттан қорғау туралы қосымша ақпарат пен ресурстар нормативтік-құқықтық актілердің әртүрлі сайттарында берілген.

Порталда ұсынылған өнімдер мен қызмет түрлері 10 жастан кіші балаларға арналмаған, сондықтан балалардың денсаулығына және дамып-жетілуіне кесірін тигізетін ақпараттан қорғау туралы Жобаның ережелеріне қолданылмайды.

Бірақ 10 жастан кіші балалардың Порталға кіре алатыны түсінікті, олар жаңалық хабарларға жазыла алады, немесе өнімдер мен қызмет түрлерін сатып алады. Бұл ақпаратты жинау жоғарыда келтірілді. Ата-аналар мен ресми қамқоршылар бізден өз баласының есептік жазбасына оқшаулау қоюға немесе жойып тастауды талап етуі мүмкін. Мұндай жағдайда adebiportal@kzcontent.kz

электрондық поштаға өтініммен хабарласу қажет

 

Ақпаратты табыстау мен сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

Портал мәліметтерге қол жеткізуден қорғау жүйелерінің салалық нормативтерге сәйкес және құпия сөз қолданатын қауіпсіз желілерін қолданады.  Қауіпсіздікті және құпиялылықты қамтамасыз ететін ережелер мерзім сайын қайта қаралады және жетілдіріледі, сонымен бірге біздің пайдаланушылар ұсынған ақпаратқа тек қана уәкілетті тұлғалар қол жеткізе алады. Портал осы Ережелерге сәйкес  Сіздің ақпаратыңыздың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету шараларын қарастырады. Өкінішке орай, Ғаламтор бойынша мәліметтерді табыстаудың ешқайсысы да толықтай сенімділікке кепілдеме бере алмайды. Біз Сіздің жеке басыңыздың мәліметтерін қорғауға ынталы болғанмен,  Сіздің бізге немесе біздің онлайн өнімдеріміз бен қызметтеріміз арқылы берілетін ақпараттың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік бере алмаймыз, сондықтан Сіз бұл қызметтерді тәуекелге бел буып пайдаланасыз.  Сіз берген ақпаратты құпия ақпарат ретінде қарастырамыз, сондықтан мұндай ақпаратты алғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құпия ақпаратты қорғау және пайдалану туралы корпоративтік ережелер тәртібі сақталуы тиіс.  Порталда жеке мәлімет алынғаннан кейін бұл мәліметтер физикалық және электрондық қорғау тәсілдерімен салалық стандарттарға сай серверде сақталады, оның ішінде құпия сөзді тіркеу тәртібі және электрондық қорғау желілерін пайдаланып Порталдан тыс рұқсат етілмеген мүмкіндіктерге шектеу қойылады. Осы Ережемен реттелетін сайттардан алынған ақпарат Қазақстан Республикасында өңделеді және сақталады. Порталдың барлық қызметкерлері ақпараттың қорғалуы мен қауіпсіздігі бойынша ережелермен таныстырылған. Сіздің ақпаратыңызға лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажет болатын қызметкерлер ғана қол жеткізе алады.

 

II. АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАРИЯ ЕТУ

 

Сіздің жекелей ақпаратыңыз қалай қолданылады

 

Портал Сіз қалап алған қызметіңізге Сіздің қатысуыңызды қолдау үшін Сіздің мәліметтеріңізді жинайды. Біз Сіздің электрондық мекен-жайыңызды Сізге құптау жіберу үшін пайдаланамыз, Сізбен байланыста болу үшін және Сіз таңдап алған қызметті өңдеуде көмек көрсету үшін қажет болған жағдайда басқа ақпаратты пайдаланамыз.

Егер сіз қызмет көрсетуге/алуға жазылсаңыз немесе контент алсаңыз, мысалы, ақпарат Сіздің құқықтарыңызды (бар болған жағдайда) тіркеуден өткен пайдаланушыларға берілетін техникалық қолдауға немесе басқа да басымдықтарға тіркеуге қолданылады. Сіз туралы жеке мәлімет Сізді жаңа өнім, өнімнің жаңарғаны және Порталдың арнайы ұсыныстары туралы хабардар етуге ғана қолданылады. Сіздің мәліметтеріңіз үшінші тұлғаларға Сіздің келісіміңіз болмаса табысталмайды.

Портал Порталда ұсынылған қызметтерді пайдаланғаны туралы ақпаратты жинай алады, мысалы, пайдаланылған қызметтердің түрлері және күнделікті пайдаланушылардың саны туралы ақпарат.

Мұндай ақпарат жеке пайдаланушыларды сәйкестендірмей жалпылай нысанда жинақталады. Портал мұндай жалпылама статистикалық деректерді статистикалық талдау, маркетинг және жарнамалық мақсаттарда пайдаланады

Портал Порталда алынған ақпаратты пайдаланудың маңызды жауапкершілігін мойындайды және түсінеді. Сіздің келісіміңіз болмаса, Портал өнім туралы, қызмет түрлерін және арнайы ұсыныстарды жарияламайды, мұндайда осы порталда қызметтерді пайдалануға байланысты Сізбен хабарласуымыз қажет болуы мүмкін. Осы Ережеде ескертілген ерекше жағдайларды санамағанда, Портал Сіздің атыңызды басқа компаниялар мен ұйымдарға Сіздің келісіміңіз болмаса бермейді.

 

Ақпаратты үшінші тұлғаларға ашу

 

Портал Порталдың атынан тәуелсіз мердігер ретінде әрекет ететін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаланады.

Сіз де Порталдағы өзіңіздің есеп жазбаңызға және Порталдың басқа қызметтеріне тіркелу және қол жеткізу үшін үшінші тараптардың есеп жазбалары мен құпия сөздерін пайдалана аласыз (мысалы, Facebook, Twitter, Google және т.б.).

Бұл тараптарға келісім бойынша Сіздің жеке мәліметтеріңізді Порталда көрсетілгендерден басқа кез келген мақсатта пайдалануға тыйым салынады,

Қолданыстағы заңдар, соттан шақыру немесе басқа заңды процестердің орындалуына қатысты біздің адал ниетті міндетіміз деп жорамалдасақ,  Портал Сіздің жеке басыңыздың мәліметтерін ашып беруі мүмкін.

 

Таңдау мүмкіндіктері

 

Сіз жеке мәліметтерді беру немесе бермеу туралы әрқашан шешім қабылдай аласыз  және мұндай шешім порталды пайдалануыңызға кедергі болмайды.

Дегенмен, мынаған назар аударыңыз, егер Сіз сұралған ақпаратты бермеу туралы шешім қабылдасаңыз, біз осы ақпараттың алынуына байланысты болатын кейбір қызмет түрлерін көрсете алмауымыз мүмкін. Сізге барлық сұрақтар бойынша таңдау жасау мүмкіндігі беріледі, олар факультативтік болып табылады және мұндай қызметтер көрсету үшін міндетті емес.

Сіздің талабыңыздың қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында  Портал Сіздің мәліметтеріңізге қол жеткізу  және сәйкестендіру үшін Сіз өзіңіз туралы толық ақпарат беруіңіз керек. Сіздің толық атыңыз, логин және Порталға жіберген электрондық мекен-жайыңыз қажет болады. Портал өзіңіз туралы мәліметті толық бергеніңізді білу үшін Сізбен хабарласуға құқылы.

 

III. ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР МЕН ШАҒЫМДАР

 

Портал пайдаланушылардың жеке басы туралы ақпараттарды қорғау туралы мәселелерді ерекше құрметпен және ықыласпен қабылдайды және қарастырады. Егер Сіз сіздің жеке басыңыз туралы мәліметтерге байланысты осы Ережелердің бұзылуы орын алды деп санайтын болсаңыз, немесе Сіздің басқа да сұрақтарыңыз болса, Порталмен adebiportal@kzcontent.kz  электрондық пошта арқылы байланысқа шыға аласыз. Өзіңіздің хабарламаңызда сауалыңызды толықтырып беріңіз немесе Сіздің ойыңызша, Ережелердің  бұзылуына қалайша жол берілгені туралы барынша толық мағлұмат беруіңізді өтінеміз. Біз Сіздің сұрауыңызға немесе шағымыңызға барынша қысқа мерзімде жауап береміз. Назар аударыңыз, егер Сіз Порталға қарама-қайшы мәлімет жіберсеңіз, Портал Сіздің одан кейінгі ілтипатыңыздың сақталуына кепілдік бере алмайды.