Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
«Ұлт болмысы» әдеби байқауы

«Ұлт болмысы» әдеби байқауы

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығы және «Әдебиет порталы» интернет-жобасы бірлесе отырып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына орай поэзия, проза, журналистика және драматургия салалары  бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы» байқауын жариялайды.

  

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

 

Ақындар мен  жазушылардың  қарым-қабілеттерін  ашып,  шабыттарына қанат  бітіру. «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпы ұлттық жобасы аясында Алаш арыстарының  қайраткерлік  образдарын  жасау және әдеби мұраларын насихаттау.

Руханияттың  маңызды  саласы  әдебиеттің  дамуына  ат  салысу.  Жас  буын,  жаңа есімдермен  толығуына  үлес  қосу. 

 

Жүлде қоры: 

 

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – Бас жүлде - Автокөлік;

 

 

Поэзия бойынша:

 

Бірінші орын —  500 000 теңге

Екінші орын — 200 000 теңге

Үшінші орын —  100 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы — 50 000 (екеу) теңге

Міржақып Дулатұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) – 150 000 теңге;

 

Проза бойынша:

 

Бірінші орын — 500 000 теңге

Екінші орын —  200 000 теңге

Үшінші орын —  100 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы — 50 000(екеу) теңге

Әлихан Бөкейхан атындағы арнайы жүлде (біреу) – 150 000  теңге;

 

Журналистика бойынша (Эссе, очерк, деректі хикаят):

 

Бірінші орын — 500 000 теңге

Екінші орын — 200 000 теңге

Үшінші орын —  100 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы — 50 000 (екеу) теңге

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) – 150 000  теңге;

 

Драматургия бойынша:

 

Бірінші орын — 500 000 теңге

Екінші орын —  200 000 теңге

Үшінші орын —  100 000 теңге

Ынталандыру сыйлығы — 50 000 (екеу) теңге

Қошке Кеменгерұлы атындағы арнайы жүлде (біреу) – 150 000  теңге;

 

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы» байқауының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы арнайы жүлдесі (біреу) – 250 000  теңге.

 

Қатысу шарттары:

 

Байқауға  әр  автордан  топтама  өлең  немесе  толғау,  баллада,  поэмалармен  қатар  әңгіме,  хикаяттар,  сондай-ақ, журналистика саласы бойынша  эссе, очерк, деректі мақалалар  қабылданады. Байқауға жолданатын  шығармалар  бұрын еш  жерде  жарияланбаған (әлеуметтік желілерде де жарияланбаған) және ешқандай байқауларға  қатыстырылмаған болуы  керек.

 

Байқауға  келіп  түскен  шығармалар «Әдебиет порталында» жарияланып отырады. Үздік шығармаларды анықтауда «Әдебиет порталы» оқырмандарына электронды түрде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау кезінде оқырмандар тарапынан берілген дауыс санына да мән беріледі. 

 

Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

 

Байқауға түрлі жастағы ақындар мен  жазушылар, драматургтер және журналистер  қатыса  алады.

Шығармалар 2018  жылдың 15 қаңтарынан 10 наурызына дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылдың 20 наурызында  Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса қосымша хабарланады).

Шығармалар тек компьютерге теріліп, электронды нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайда қабылданады;

Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына электронды пошталарға жіберілуі керек: «ultbolmysi@mail.ru

Қатысушының аты-жөні; тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты жеке конвертке салып, Алматы қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, «Ұлт болмысы» журналына жіберуі тиіс (Ұлт болмысы журналының индексі 74479).

Байланыс телефондары: 8727 2 20 96-66, 8 775 565 57 62, 8 775 302 86 71

Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады;

Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады;

Барлық шығармалардың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;

 Қосымша талаптар: Шығарманы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек. 

 

Әдебиет порталына шыққан шығармасын көрінеу немесе жасырын түрде насихаттап, шығарманың авторы кім екенін оқырманға белгілі қылып қойған қатысушы конкурстан шеттетіледі! 


 

Жасыру ^
Ары қарай оқу

Ең көп дауыс жинағандар

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар