Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Арнайы жобалар
«Жыл әңгімесі» арнайы жобасы

«Жыл әңгімесі» арнайы жобасы

«Жыл әңгімесі» арнайы жобасы

Ереже

 

«Жыл әңгімесі» арнайы жобасы – Тәуелсіздік жылдарында әдебиетке келген буын ішінде бір әңгімесімен елді елең еткізіп, жарқ етіп шыққан таланттардың туындыларын оқырман қауымға қайтадан ұсынып, электронды дауыс беру арқылы ең үздік әңгімені таңдауға арналған жоба. Жобаның ережесі бойынша әр ай сайын үш қаламгердің бір-бір әңгімесі беріліп отырады. Бір айда ең көп дауыс жинағаны келесі айналымға өтіп, жылдық финалға қатысуға мүмкіндік алады. Осылайша 9 айда 9 үздік әңгіме белгілі болып, одан кейін осылардың ішінен ең үздігі анықталады. Жеңімпаз авторға «Әдебиет порталының» арнайы сыйлығы мен дипломы табыс етіліп, бір ай бойы басқа да шығармалары портал бетінде жан-жақты насихатталатын болады.

 

Жобаның мақсаты:

  • Тәуелсіздік жылдарында әдебиетке келген қаламгерлерді ынталандыру, оқырғанға кеңінен таныстыру;
  • Портал оқырмандарының белсенділігін арттырып, үздік әңгімені анықтаудаөздерінің жеке талғамына сүйенуге мүмкіндік беру;
  • Жас жазушылардың арасында шығармашылық байланыс орнатып, кәсіби бәсекелестікке тәрбиелеу;

 

Жобаның міндеті:

  • Тәуелсіздік жылдарында жазылған үздік әңгімелердің тізімін жасау;
  • Жиналған әңгімелерді іріктеп, порталға шығару;
  • Жоба талаптарына сәйкес порталдың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру;
  • Порталда арнайы жоба ашу.

 

Жобаның ережесі:

  • Порталға жарияланған әңгімелерге тіркелген оқырмандар дауыс беру арқылы, үздік әңгімені анықтайды;
  • Әр айдың үздік әңгімесі келесі айналымға өтіп, жылдың үздік әңгімесі аталымына қатыстырылады.

 

Ілгерілету:

  • Жобаға бүгінде өз оқырмандарын қалыптастырған, танымал прозиктердің әңгімелері қатыстырылатындықтан, әрқайсысының аудиториясын порталға тарту;
  • Аталған жоба бойынша жарнама жүргізу;
  • Әлеуметтік желілер арқылы насихаттау;
  • Жобаны барлық «Қазконтент» АҚ ресурстары арқылы ілгерілету.

 

Күтілетін нәтижелер:

  • Қоғам назарын әдебиетке, прозаға аудару;
  • Жас прозашылардың қоғамдағы рөлін арттырып, жалпы халықты кітап оқуға шақыру;
  • «Әдебиет порталы» интернет-жобасының танымалдылығын арттыру.

 

Жасыру ^
Ары қарай оқу
Дауыс беріңіз