Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Жүрегі Жырдан Жаралған

«Жүрегі жырдан жаралған» республикалық онлайн мүшәйрасы

Тұманбай Молдағалиевқа арналған «Жүрегі жырдан жаралған» республикалық онлайн мүшәйрасының

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде  Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті ақын Т. Молдағалиевтың жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Жүрегі жырдан жаралған» атты жазба ақындардың республикалық онлайн мүшәйрасын өткізеді.

 

 

Байқау шарттары:

 

 

- Қатысушы 20-30 жас аралығында ғана болуы тиіс;

- Өлең көлемі 15 шумақтан аспауы қажет;

- Ұсынылатын өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек.

 

 

Байқау 2 тапсырма бойынша өтеді:

 

 

  1.  Т. Молдағалиевқа арналған өлеңі;
  2. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына байланысты өлең.

 

Байқауды өткізу тәртібі:

 

 

- Байқауға қатысушы «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталында» арнайы ашылған «Жүрегі жырдан жаралған» мүшәйрасы» ұяшығына өлеңдерін және байқауға қатысуға арналған өтінімін жүктейді;

- Көркемдік деңгейі төмен өлеңдер жарияланбайды;

- Өлеңдер 2017 жылғы 21 маусымнан 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

 

 

Жеңімпаздарды марапаттау

 

 

Байқау жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапаттау рәсімі 2017 жылғы қыркүйек айында Талдықорған қаласында өтеді.

Жүлдегерлердің жол шығыны өз тараптарынан, жатын орны ұйымдастырушылар тарабы есебінен төленеді. 

 

Жүлде қоры:

 

Бас жүлде – 100 000 тг.

І орын – 80 000 тг.

ІІ орын  – 70 000тг.

ІІІ орын  – 60 000тг.

 

Жеңімпаздарды марапаттау

 

 

Байқау жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапаттау рәсімі 2017 жылғы қыркүйек айында Талдықорған қаласында өтеді.

 

Құжаттарды қабылдау уақыты:

 

Құжаттар 2017 жылдың 21 маусымнан 15 қыркүйекке дейін қабылданады;

 

Электронды пошта:adebiportal@gmail.com

Телефон: +7 (7172) 79 82 12, 8 775 126 34 46

 

 adebiportal.kz