Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Аудио
Ғалым Мұтанов
Ғалым Мұтанов - adebiportal.kz

Ғалымқайыр Мұтанов Мұтанұлы 1957 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Белтерек ауылында дүниеге келген. Ғалымқайыр Мұтанов 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын «Автоматика және телемеханика» мамандағы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметін Рудный индустриялық институтында бастады. Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Түсті және сирек металдардың технологиялық үдерістерін автоматтандыру» кафедрасында екі жылдық ғылыми сынақ мерзімінен өтті.

Ғ.Мұтанов 10 халықаралық академиялардың академигі болып табылады. Oл әлеуметтік-экономикалық үдерістер аясындағы тақырыптарға жазылған 400-ден артық ғылыми жарияланымның, соның ішінде 10 монографияның, оқулықтардың, оқу құралдарының, әдістемелік әзірлемелердің авторы, бұлар АҚШ, Чехия, Швеция, Германия мен Швейцарияда басып шығарылған.

Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, “Парасат” орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалдерімен, «ҚР Президентінің ерекше белгісі», «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері», «Қазақстан Республикасының Құрметті инженері» төсбелгілерімен марапатталды.

20.10.2017
Поделиться:
Оставить комментарий: