27 мая 2018
Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев
Главная
Литературный процесс
Думан Рамазан: Ажал келген күн (әңгіме)

11.04.2017 543

Думан Рамазан: Ажал келген күн (әңгіме)

Тарихшы Ибн Тәңірберді

Моңғолдар сияқты мәмлүктер де даланың еркін ұлы еді, ал әскери талантқа келсек, қыпшақ Құтыз бен Бейбарыс найман Кетбұғадан кем түспейтін.

Лев Гумилев

Тұңғиық ойдың тереңіне батып, шақшадай басы шарадай болып отырған Кетбұға қолбасшы көрер таңды көзімен атырды. Қиял құсы желдей жүйткіп, жер-көкті шарлап, кең дүниені көктей шолып өтті...

Кіндік қаны тамып, төсінде ойнақ салған туған жері есіне түссе ет-жүрегі елжіреп, мазасыз күй кешеді. Ел-жұртының ертеңін ойласа жаны жай таба алмай, аласұрады. Көкірегіне тоңдай қатқан шер-шеменнің сызы жібімей, тұла-бойын мұздай қариды. Ойлаған сайын көңіл түкпіріндегі көмескілене бастаған көріністер көз ұшында көлбең қағып, сағынышқа айналған сағым бейнелер елес береді.

Атамекен, құтты қоныс... Көк аспанмен таласқан қара таулар, ұшар басына қырандар ұя салар құзар шыңдар... Құлама құз, жақпар-жақпар жартастар... Тобылғылы құла бел, қарағанды құба жондар... Гүл көмкерген қызыл қырат, жыңғылы көп сай-сала... Құстары құйқұлжыған орман-тоғай... Айдыны айнадай жалтыраған өзен-көлдер... Ши, селеуі селтиген маң дала...

Жасыл жайлау, көкорай шалғын... Қаз-қатар тігілген ақ шағаладай киіз үйлер... Ақ сақалды ата, ақ жаулықты әже, иманжүзді әке, мейірлі ана... Тұлымы желбіреген ұл, жүзін күн қаққан бұрымды қыз... Төскейдегі төрт түлік, желідегі құлынды бие... Түтіні будақтаған жер ошақ, қара қазан... Буы бұрқыраған ет, қазы-қарта, жал-жая... Сапырылған сары қымыз... «Қайран туған жер, өскен өлке... қадіріңді білмеппіз-ау!.. Күлімдеген көктемің мен жадыраған жазың түгіл, сарғайған күзің мен қақаған қысыңа да ештеңе жетпейді екен ғой!.. Көзден бұл-бұл ұшқан сол күндер қайтып оралмайды-ау, шіркін!..»

Көзін тырнап ашқаннан көріп келе жатқаны – ел ішінің дүрбелең-дүрмекке толы беймаза тірлігі, берекесіз бүліншілік, шаңдатпа шапқыншылық, талап-тонау, зорлық-зомбылық, қырғын-сүргін. Кетбұғаның балалық шағы осындай аумалы-төкпелі алмағайып кезеңге тап келіп, тілерсегінен қан аралас саз кеше жүріп ержетті.

Ат жалын тартып мінгеннен кейінгі саналы ғұмыры шашасына шаң жұқпас тұлпарлар үстінде өтіп келеді. Өз алдына жеке мемлекет болып, ақ байрағы желбіреп тұрған Найман хандығы тұсында да қой үстіне бозторғай жұмыртқалай қойған жоқ. Қараорман қамын ойлайды деген көсемдер өзара билікке таласып, алтыбақан алауыздыққа салынып, ауыздағысынан айырылды. Ел алыс-жұлыс, атыс-шабыс, барымта-қарымтадан көз ашпады. Қайран жұрт ала тайдай бүлдірген алашапқынмен ғұмыр кешіп, алаң көңіл өмір өткізді.

Көршілерін қасқыр шапқан қойдай дүрліктірген Шыңғысханның әскерімен де майдан даласында сан мәрте бетпе-бет келіп, атойлап айқасқа кірді. Жат жұртқа кіріптар болғысы келмей, жанқиярлықпен соғысты. Адам қаны судай аққан қан қасап қырғындар болды. Талай жас қыршынынан қиылып, ажал құшты. Сансыз мүрде көмусіз қалды, сайын дала қан сасыды.

Таян хан да, Күшлік хан да күші мен сұсы басым жау қолынан күйрей жеңіліп, Алтайдың Арай асуын, Тарбағатайдың Етікші биігін асып, қансыраған қаралы халқын бастап батысқа қарай бет түзеді. Атамекендерімен қимастықпен қош айтысып, жайлы қоныстарынан амалсыздан қотарыла көшкен ел кең сахарадан сая болар жер іздеп, ауған арқардай жосыды. Жел айдаған қаңбақтай босып жүріп, қыпшақ даласына аяқтары ілігіп, аттарын шалдырды. Қандас қыпшақтар жатсынбастан құшағын жая қарсы алды. Көрші қаңлы мен қарлықтар да етек-жеңдерін жиып, жандарынан жайлы қоныс берді. Кетбұға сынды ел ағалары азалы жұртының жабыққан жанын жұбатып, қамыққан көңілін сергітуге күш салды. Қыста Сарысу, Шу өзендерінің төменгі сағасын, Қаратаудың батыс бөктері мен Сырдария жағасын мекендеп, жазда Ұлытау, Арғанаты таулары мен Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді өзендерінің алқаптарын жайлады.

Шыңғысхан шапқыншылығы қыпшақ даласын да өрттей шарпып, ормандай отап, жалмауыздай жалмады. Моңғол әскерінің аяғы бұнда да жетіп, ойындағысы мен көңілдегісін істеді. Ордасын ойрандап, қалаларын жермен-жексен етті. Туған елі мен жері үшін жандарын шүберекке түйіп, қарсыласып баққан халықты қынадай қырып, жолдарындағының бәрін түк қалдырмай жаншып-жайпап өтті. Арттарында бүлінген ел, жұтаған жұрт, қираған қала қалды. Ана тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібіткен перзентінен, бала қамқор әкесінен айырылды. Әйел – жесір, жас – жетім атанып, көздерінен сора ақты, тілдерінен зар төкті.

Жебе ноянмен болған соңғы айқаста Күшілік ханның жасағы күйрей жеңіліп, Найман елі де амалсыздан Шыңғысханның билігін мойындады. Ұлы қаған да оларға тізесін батыра берген жоқ, ішкі есебі түгенделген соң, кешірім мен кеңшілік жасады.

Кетбұға би де қарап қалған жоқ, ұлы қағанның оң тізесін басты. Сөйтіп, тығырыққа тірелген ел-жұртын аман сақтап қалудың қамына көшіп, Шыңғысханның бетін бері қаратуға күш салды. Есесіне айтқанын істетті, дегеніне көндірді, сөзін тыңдатты. Жошымен де, Батумен де тізе қосып, тіл табыса ел биледі. Екеуінің де ақыл қосар ақылманы, кеңес берер кеңесшісі, билік айтар, төрелік жасар төбе биі болды.

Көңіл көзімен сараласа, содан бері де қаншама күн, қаншама ай, қаншама жыл жылыстады, қаншама көктем, қаншама жаз, қаншама күз, қаншама қыс ауысты... Уақыт сынаптай сырғып, зымырап өтіп жатыр. Кешегі тұлымы желбіреген жас бала бүгінде ақ басты ақсақалға айналды.

Осы кезге дейінгі өмірі ат үстінде өтіп келеді. Соқтықпалы-соқпақты күрделі жолдан өтті. Жан азабын шекті, қайғы-қасірет теңізін белуардан кешті. Бабасы Қорқыттай күңіреніп, қос ішекті қобызын толғай тартты. Шанағынан сұм заманның зарын төгіп, соны қамыққан көңіліне жұбаныш қып, ішқұсалық дерттің дауасын тауып, жан жарасына ем қондырғандай болды. Елдің тағдыр-талайын жүрек қылын шертер күйге айналдырып, жалынды жырына қосты...

Әлі де көзінде мұң, көкірегіне шемен боп қатқан шер бар. Жаны жаралы, жүрегі жырым-жырым. Елінің болашағын ойласа, еңсесі еңкіш тартып, белі бүкірейе түседі. «Енді қашан өз алдымызға ел болып, етек-жеңімізді жинар екенбіз! Көк Тәңірім өзің қолдай гөр! – дейді Жаратқанға жалбарынып. – Бізді де жұмыр басты пенде ғып жаратқан да, ұлыс қып ұйыстырған да, ел ғып еңсе тіктеткен де бір Өзің едің! Несібемізден қақпа, ырыздығымызды ортайтпа, қайғымызды молайтпа!» Қабырғасын қайыстырар қайғысы да, Көк Тәңірге шағым айтып шағынары да, күндіз-түні ойлайтыны да осы.

Міне, қарап отырса, 1256 жылы Онон өзенінің бойында өткен ұлы құрылтайдың шешімі бойынша Құлағу ханмен бірге жорыққа аттанып, шет жұрттың топырағына табаны тигеніне де үш жылдың жүзі болыпты. Алдымен парсы жұртын тізе бүктірді, содан соң Бағдатты бағындырды. Іле-шала Иерусалимді алды. Дамаскі мен Шам шаһарының билеушілері бұлардың қаһарынан қорқып, қорғандарының қақпасын өздері ашып берді. «Ұлы қағандарға адал боламын деп жүріп, мен де қатігез болып кеткен жоқпын ба, өзі?! – деді өткен өмірін көз алдына елестетіп отырып. – Алмас қылышты қолыма елім үшін ұстап жүргенімді Көк Тәңірім де біледі!.. Егер бұл жорықтан бас тартсам, халқымның жонына қамшы үйіріліп, жүрегіне қанжар қадалары анық!.. Мықтыға тізе бүктіріп, бел қайыстырған беу дүние-ай!.. Қайран қаймана халқым-ай, қайда барсаң да Қорқыттың көрі алдыңнан шықты-ау!.. Тас маңдайыңдағы қалың сордан арылып, өз қолың өз аузыңа жетер күн туар ма екен, шіркін?!»

Мұсылман жұртынан аман қалғаны Мысыр ғана болатын. Екпіні ерек мұздай қаруланған қалың қол Египетті бетке алып келе жатқан. Дәл осы кезде Мөңке қағанның қазасы жайлы суық хабар жетті. Ұлы қағандықтан дәмесі зор Құлағу хан шұғыл шақырылған ұлы құрылтайға қатысу үшін ордаға суыт жол жүруге мәжбүр болды. Аттанар алдында сенімді серігі Кетбұғаны шақырып алып:

– Қағанның жаны Көк Тәңірімнің қасына қонақтаған екен. Бірақ алтын бұғауының кілтін маған беріп кетті. Соны атам Шыңғыстың, Жошы әкеміздің, ағам Мөңкенің алтын айдарын көрген саған тастаймын. Қамалдарды қадағала. Құтыз бен Бейбарыс қыпшақтан шыққан. Солармен мәмлелесіп, уақытша тыныштықты сақтай тұр! – деп барынша тапсырып кетіп еді. Бірақ оның айтқанын орындаудың сәті түсе қоймады.

...Енді міне, Құтыз бен Бейбарыс ұрымтал тұстан түре шауып, жер қайыстырар қалың қолмен қылыштарын жалаңдатып қарсы алдында тұр. «Бұлай болар деп кім ойлаған?! Неткен жүрек жұтқан бәлелер! Бізге қарсы шаппақ түгіл сесімізден сескеніп, қорғанудың өзін артық санап, кейбір елдердің халқы қақпаларын өздері ашып беріп жатқанда, бұлардың бұнысы ажалдарына асыққандық қой!.. Иә, ажал айдап шыққан ғой!..» – деді басын шайқап.

Кетбұғаның нұрлы жүзінен ешқандай қобалжу байқалмайды, жеңіске жететініне нық сенімді. Санасы сан саққа жүгіріп, ойы онға бөлініп отырса да, сол баяғы сырбаз қалпын сақтап, сыртқа сыр алдырар емес. Жұмыр басты пенде ретінде маңдайына бақ та, сор да молынан жазылған екен. Сиқырлы айнадай жалт-жұлт еткен жарық жалғанның алдамшы қызық-қуанышы мен жанға жара, жүрекке салмақ салар қайғы-қасіретін қатар тізгіндеп келеді. Асқан ақыл-парасатының арқасында биліктің де дәмін татты. Ал мәңгілік бақ аяғын көкке сермеген асаудай әзірше жалынан сипатар емес. «Дүние, шіркін, қалай құбылса да, тірі адам тірлігін істей береді екен ғой!..» Оның шайқас алдындағы соңғы байламы осы болды.

Түн ауғаннан бері өзінің қас-қабағына қарап, майдан қимылдарын пысықтап, өзара ақыл-кеңес құрып отырған мыңбасыларын ойнақшыған отты жанарымен жағалай бір шолып өтті де, жөткіріне сөз бастады:

– Қырандарым, қандыкөйлек достарым, қымбатты бауырларым, не айтасыңдар, қандай ақыл қосасыңдар? – деді пайғамбар жасынан асып кетсе де, қайраты қайта қоймаған Кетбұға сұраулы жүзбен. – Шайқас ауыр болатын түрі бар. Естіп-білуімше, жау жағы бұл айқасқа тыңғылықты дайындалған көрінеді.

– Қолбасшы, хан келгенше сәл шегіне тұрсақ қайтеді, – деді Дәулетбай сардар оқыс сауал тастап, – өйткені, жаудың қарасы тым көп. Ертөлелердің шамалауынша әрқайсымызға төрттен келеді екен! Бізде қазір он-ақ мың сарбаз бар, мәмлүктердің қырық мың қолына қалай төтеп береміз?! Сондықтан амал-айлаға жүгініп, ақылмен іс істесек деймін!

– Иә, дұрыс, тым құрмаса, қосымша көмек келгенше уақыт ұтып, амалдай тұрсақ! – деді Жосалы сардар да оны қостап. – Уақытша келісімге келіп, алдандыра тұрмасақ, болмас, сірә!..

– Мүмкін шегіну керек шығар!.. – деді Әлімгерей сардар.

– Жоқ, қашқан қатынмен бірдей! Қашқан жауға қатын ер! Атымызға сын! Соғысамыз, қырық мың түгіл, жүз мың болса да жаудың тас-талқанын шығарамыз! – деді Ерторы сардар өктемси. – Санымыз аз болғанымен, жасағымыз мықты, қару-жарағымыз күшті емес пе?!

Ұрыс алдында дау-дамайды көбейтпеуге тырысқан Кетбұға қолбасшы сөзді бұдан ары созғысы келмеді. Қияқ мұртын шиырып алды да, сақалын саумалай отырып:

  • Қарыс қадым да кері шегінбейміз, жаланып келген жауға қасқайып қарсы шабамыз! Көк Тәңірім бұйыртса, бүгін де жеңіске жетеміз! – деді нық сеніммен. – Жасақтарыңа барып, тағы бір мәрте пысықтап алыңдар, әзелгі ғадет бойынша ұрыс саламыз!

Мыңбасылар орындарынан дүр көтерілді. Кетбұға Тәңіріне сиынып, аз-кем отырды да, бір кезде орнынан ширақ көтеріліп, ерттеулі тұрған ақбоз арғымағына қарғып мінді. Қаздай тізіліп, самырсындай сап түзеген қалың қолдың алдына келіп, тізгін тартты. Он мың сарбаз шайқасқа сақадай сай боп, тас-түйін дайын тұр. Бәрі де қолбасшыға анталай қарай қалған.

  • Сайыпқырандарым! Сардарларым мен сарбаздарым! – Дауысы саңқылдап шықты. – Сендер елдің аманатын арқалап жүрсіңдер! Мойындарыңда ерлер ғана қайысай көтере алатын ауыр жүк бар, алдарыңда ұлы міндет тұр. Мен сендерге сенемін! Әлі-ақ біздің алдымызда бүкіл әлем тізерлейтін болады. Бұл жолы да жаудың тас-талқанын шығарып, жеңіске жетеміз! Біз жеңбейтін жау, алмайтын қамал жоқ!..

Кетбұғы қолбасшының жалынды сөзі сапта тұрған сарбаздарға керемет әсер етті. Бәрі де қылыш ұстаған қолдарын жоғары көтеріп:

– Жауды жеңеміз! Біз жеңіске жетеміз!.. Жасанып келген дұшпанның тас-талқанын шығарып, жермен-жексен етеміз! – деп ұлардай шуласып, ұрандатып қоя берді. – Бізді Көк Тәңірі қолдайды!..

Жау жағы да қарап қалар емес, қара жердің шаңын аспанға шығарып, қара құрттай қаптап келеді. Мәмлүктер жақындаған сайын қу көңіл өрекпіп, тынши алар емес. Кетбұғаның қолы да сап тү%


Подписывайтесь на наш Telegram-канал.


Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал Adebiportal.kz обязательна.

Мнение автора статьи не выражает мнение редакции.

Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах». Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Оставить комментарий:
Captcha

Самые читаемые