«Шеберлер жарысы». Әңгіме.
17.05.2017
5678
- Еее! Менің алдау шеберлігімді көрмедіңдер ғой сендер, үш адамды бір-ақ алдап жүрмін, үшеуіне үш түрлі өтірік кетіп жатыр!
- Ойыншық екен ғой сенікі, мен қырық адамды өтірікке тойғызып жүрмін.
- Ееей, балақайлар, тыныш бола қалсаңдаршы, миллиондарды алдап жүрген көкелеріңнің қасында отырғанда!
- Қоя салыңдаршы...
- ???..
- Алдау сендердің не теңің...
- Жүдә семіз сөйледіңіз ғой ағасы! Сіз қанша адамды алдап жүрсіз?
- Бір...
- Бііір?! Бір! А-ха-ха-ха-ха!.. Ия, кім екен ол біреуіңіз?
- Өзім...
- ...
- ...
- ...
Share: