ӘЛЕМТАПЫРЫҚ

19.05.2017 7183

  

 

Қалың талдың жапырақтарын ысырып, шұбырып өтіп жатқан адамдарға сығалай қарады екеуі.

  • Бірінші май парадына ұқсайды?
  • Транспаранттары мен тулары Совет кезінікі ғой?!
  • Қино түсіріп жатқан шығар?
  • Жүр неде болса шығайық... Өз ауылымыздың жұрты сияқты ғой?
  • Ту ұстап бара жатқан - жас кезіңдегі сенен аумайды екен!?.
  • Сен де жүрсің ғой, қара!
  • Қолтықтасқан екі әдемі келіншекті көрдің бе!
  • Үй мыналар біздің әйелдер ғой!

Енді шыға берген екеуінің тұсына бір сабалақ ит келді де оларды адам

ғұрлы көрмей, бір аяғын көтеріп сарып кетті. Жып-жылы жаңбырға малынған бұлар ойбай сала янаттанып, бүркемеден атып шықты. Жол ернеуінде сап түзеп тұрған қызыл қалпақты сақшыларға барып соғылды. Бұл екеуіне олар аспаннан түскен әлдекімдердей қарап, қолма-қол құжаттарын тексерді. Жалма-жан рациямен хабарласып, көзді ашып-жұмғанша қара көлік жетіп келді де апыр-топыр бұларды тиеп алып, зыта жөнелді.

  • Иә, қай мемлекеттен келген жансызсыңдар?! – деп штаттық киімдегі

сұр адам тісінің арасынан сыздата сұрақ қойды.

  • Ешқандай жансыз емеспіз, Қазақстан азаматымыз!.. Жеке құжатта

көрсетілген ғой...

  • Қазақ Советтік Социалистік Республикасы деген Ұлы Одақтың

құрамындағы бір ғана ел бар! Қазақстаншылын! Бұл құжат деген тілдей қағазыңды өз еліңе көрсет! Маған документ керек! Сендерді қандай мақсатпен жіберді? Қалай бізге ендіңдер?

  • Кеше кешке зейнетақымызды алған соң, ескі дәстүр бойынша

қымызханаға бардық. Сосын жолай көлеңкелеп, бір талдың саясына тізе бүккенбіз. Ар жағын өзіміз де білмейміз. Оянсақ осы жерден шықтық...

  • Мына екі шалды түбегейлі тексеріңдер! Жындыханалардың да

бірін қалтырмаңдар!

  • Құп, жолдас...! – деп сұраққа қатысып отырған жендет ата жөнелді.

Өздері келген өмірге қарағанда бұлардың күні түгілі әр минуты екі есе ұзақ секілді көрінді. Ара-тұра қамақтарына әкелініп қалатын газеттерге көз салып, 1971 жылдың мамырында жүргендерін білді.

  • Үй! Бүгін менің туған күнім ғой! Қызым екеуміз бір күнде туғанбыз. –

деді Бекен, алаңсыз тақтай тапшанда қос тізесін құшақтап отырған Секенге. Ол селк етіп: - Құтты болсын... – деді селсоқ қана. Сосын - Тура осы күні екеуміз сенің қызыңды тойлап жүрдік-ау, ә? – деп күңірене күрсінді. Өмірі табалдырығын аттап көрмеген абақтыны мынадай таңғажайып жағдайда көргеніне қайран қалып, басын шайқап қояды. Осы отырысы түс емес пе дегендей өзін шымшыды.

  • Беке, мені шымшышы, жоға бір түйші.
  • Не үшін?
  • Осы түс емес пе, сірә?
  • Рас ей... Мен де таң қалып отырмын!

      Салдыр-күлдір етіп темір есік ашылды да мыжырайған сержант: - Заттарыңды алып сыртқа шығыңдар! – деп барқ етті. Бұлардағы қайдағы зат. Секен сасқалақтап газетті ұстай түрегелді. Әлгі дөрекі сержант: - Қоғамдық мүлікке тиіспе! Сенен де басқалары саяси сауатын ашады! – деді әлдеғандай болып.

  • Ок! Мырза!
  • Не дейді мынау?
  • Мақұл, мақұл дегенім де...
  • Бәсе...

      Екеуін қолдарын арттарына салғызып, діңкілдетіп бір кабинетке айдап

апарды. Онда бір жып-жылмағай қара таз отыр екен. Көздеріне ине қадап алғандай қадалған жерін шым еткізеді. Мектеп оқушылары құсап төмен қарап, кінәлі боп тұрған екеуге: - Кім екендеріңді білдік. Өздеріңнен қырық бес жас кіші совет азаматтарының атын жамылып жүрген жансыз екендеріңді анықтадық. Қазір бетпе-бет кездесу жасаймыз. Көреміз сонда қалай әндететіндеріңді! Шақыр! – деп есік көзіндегі сақшыға бұйрық берді. Бір-бірін итере екі жігіт кірді. Олар да бастарын тұқитып кінәлі боп тұр. Себебі, оларды бірінің жаңа туған нәрестесін тойлап жүрген жерлерінен ұстап әкелген-ді.

  • Мына екеуін танисыңдар ма? – деді қара таз. Екі жігіт жамырай жауап

берді.

  • Танимыз...
  • Қайдан танисыңдар?
  • Бір туыстарымызға ұқсайды...
  • Қайдағы туыс?! Бұлар сендердің аты-жөндеріңді иемденіп жүрген

жансыздар! Қараңдар мына документтерге. Мынадай ақша біздің елде мүлдем шықпайды. Теңгесі несі?! Бұлар импералистердің жансыздары!..

  • Қайдам, әке-шешелерімізден аумайды екен...   
  • Мыналар да осылардың сыбайласы апарып қамаңдар!
  • Ойбай! Біздің не жазығымыз бар. Әке-шешелеріміз дін-аман үйде жүр.

Танымаймыз бұларды!

  • Ендеше сендердің анкеталық данныйларың неге мүлтіксіз сәйкес келіп

тұр? Өздерің бердіңдер ме?

  • Көріп тұрғанымыз осы, бұл екеуін... Расында өзімізден айнымайды екен.
  • Сендер танисыңдар ма мыналарды? – деп тергеуші екі шалға шүйлікті.
  • Танимыз. Бұлар бізбіз... – Мынадай жауапты естіген қара таз мыйына

қан құйылатын жағдайға жетті. Қап-қара боп кеткен басын бір сілкіп: - Әкетіңдер мыналарды! Көрсетпеңдер көзіме, жындыханаға жабыңдар! – деп аттан салды. 

Төртеуін желкелеп апарып бір камераға тықты. Келесі күні қастарына тағы бір бейбақ қосылды. Ол сауал қоюға тым әуес екен. Бір ығыты келгенде Бекен мен Секен: үдірейісіп бөлек отырған, өздерінің жас кездеріне ым мен сыбырмен, мына адамның сыр аңдуға жіберген сұм екенін жеткізді. Екі жас тілін жұтып алғандай үн-түнсіз. Себебі, аузыңнан шыққан артық сөз ертең күллі тағыдырыңды тас-талқан етуі мүмкін. Не болса да өздерінің үлкені Бекен мен Секен тізгінді қолға алды. Бұлар ойларына келгенді, келмегенді де айтып, бейпіл ауыз боп қалған-ды. Мыналардың заманына қарағанда бұлардың заманы аса сөз аңдымайды. Олардың ұстанымы: «Ит үреді, керуен көшеді»...

  • Жеке куәлік пен зейнетақымыз жоғалып кетпесе игі. Кемпірлеріміз

өлтіреді ғой!

  • Уайымының түрін қарашы? Ең алдымен мына дәуірден шығып

алсайшы!

  • Мәңгі қалмайтын шығармыз? Бізді іздеп жатқан шығар...
  • Керек едік...
  • Сіздерді кім іздеуі тиіс? – деп сөзге сұм араласты.
  • Полиция.
  • Астапыралла! Полиция? Сіздер сонда Әмірикадан келдіңіздер ме?
  • Қазақстаннан деп қырық рет айттық қой! Тәуелсіз Қазақстаннан!!!
  • Ондай да ел бар ма еді? Өмірі естімеппін!
  • Бар. Тірі болсаң көресің!
  • Айтқаныңыз келсін! Ол елдеріңізде коммунизм орнаған шығар?
  • Капитализм. Сендердің Кеңес өкіметтерің жоқ, барлығы тарап кеткен.
  • Ой сұмдық-ай! Мынаны мен естідім демей-ақ қояйын, өз басым кетіп

қалар! Көкелер сіздер шын айтып отырсыздар ма әлде қылжақ па?

  • Тыңда бері! Енді жиырма жылдан кейін Одақтың тас-талқаны шығады.

Жеке-жеке мемлекет болып өз қотырын өзі қасып бетімен кетеді. Бүгінгі аяқпен теуіп жүрген нанға зар болатын күндер келеді. Ел азып-тозып, ауыл мен қала түнде жарықсыз қалады... 

  • Ақырзаман десеңші!? Ары қарай айтпай-ақ қойыңыздаршы! Постовой!

Шығар мені! – деп сұм атып тұрып темір есікті төбеледі.

      Жарты сағат өтпестен темір есік сарт-сұрт ашылып, ішіне қара киімділер ентелеп кірді. Бекен мен Секендер жүректері тас төбесіне шығып, өре түрегелді. Келе екі жасты қыспаққа алды.

  • Мына екеуінің сөздерін естігендеріңді растайсыңдар ма?
  • Түк естіген жоқпыз! Нықы Ленин-Сталин!
  • Оттапсыңдар! Сталин үшін жеке жауап бересіңдер!
  • Честно пионерское!
  • Құдай-ай комсомольское!
  • Партияда барсыңдар ма?
  • Екеумізде коммунистпіз. Еңбек озаттарымыз!
  • Енді не шатып тұрсыңдар? Шындарыңды айтыңдар, мыналар

империалистердің жансыздары ма? Өздері мойындапты ғой капиталистік Қазақстаннан келдік деп. Ол мемлекет картаның қай жерінде орналасқанын айтты ма?

  • Жоға!.. Жансыз болса жансыз шығар... Тек бұларға біздің еш қатысымыз

жоқ. Біз қарапайым коммунизм құрылысшымыз. Бұл екеуінен өзіміз шоши бастадық. Үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін сұмдықты айтты! Совет Одағының азаматы ретінде біз бәрін мойындап, қол қойып береміз!

Екі шалды дырылдатып ала жөнелді. Аулада тікұшақ дайын тұр екен. Соған салды да ала бұлтың арасына сіңіп ғайып болды. Нажағай ойнап, аспан әлемтапырық болды да кетті. Ұшқыш қонатын мезгіл таяғанда төмендей бастады. Сосын ол: - Қонатын алаңды тани алмадым. – деп қасындағы қос қара киімдіге аңыра айтты. Олар да қайда тап болғандарына мыйы жетпей, екі көзі дөңгеленіп келе жатыр еді...

      Бекен мен Секен өз дәуірлерін танып, жүздеріне қан жүгіріп, қутың қақты. Шыдай алмай: - Осы кезге тірі жетсеңдер көресіңдер өздеріңді! –деп еркінсіді. Екі қара киімді іштерінен: «Е Құдайым, тірі болсақ екен!» деп, алғаш рет аузына Алланы алып, пендеше жалбарына бастады...

 

Share: