Жүректегі мұң

24.11.2017 4814

Ұқсаттым жүректі түңілген, 
Жылқыға адасқан үйірден. 
Тамшыны сүрттім амалсыз, 
Жанарға келіп үйілген. 

Жүрегім жылап шаншылар, 
Жайымды түсінер жан бар шығар. 
Паршалап тура кеткендей, 
Жанардан аққан тамшылар. 

Жыларсың жүрек жыларсың, 
Жыламай қайтіп тұрарсың. 
Кеуде де жаның болған соң, 
Амалсыз ғана шыдарсың . 

Айыққын жүрек айыққын, 
Мұз қатқан қысқы жайықпын. 
Дауылда күні адасқан, 
Ескексіз сірə қайықпын.

Share: