Сезім жайлы
24.11.2017
4838
Махаббатты жазып жүрмін күніге,
Бойдақ болып жүрмін міне əліде.
Бойдақ болу шарты сірə жүректің,
Сезім жайлы жазғандардың бəріне.
Сезім жайлы жазамыз ау сипатап,
Жүректердің үні жайлы шимақтап.
Кезікенде шын сыңарым бір жерде,
Қалмау керек сөз таба алмай қипақтап.
Жүрегімді тыңдай қалсам бір сəтке,
Ұшырардай тік ұшақпен тік көкке.
Заңғар көкте қалықтаған армандар,
Орындалмай қалып қалса тек сөкпе.
Share: