Әке

28.11.2017 4741

Әкедеп сайрағалы әуелгі үнім, 
Мен сенің тәрбиеңе тәуелдімін. 
18мың ғаламды түсіну үшін, 
Алдымен анаң менен әкеңді ұғын. 

18мың ғаламды түсіну үшін, 
Өмірдің мінезіне ысылу үшін. 
Сен мені ержеткіздің ардақты әке, 
Арманның асқарына ұшыру үшін. 

Ақылмен адал жолға салып келген, 
Жарамды құлағанда танып берген. 
Әкешім ақылыңмен азықтанып, 
Адаспай бағыттымды тауып келгем. 

Еңбектің не екенін үйреткенсің, 
Қиындықты еңбекпен күйреткенсің. 
Бұл Жалғас ешкімнен кем болмасын деп, 
Базарда жүк арбаны сүйреткенсің. 

Жалғасты қатарынан кем қылмадың, 
Тағдырымның сайлап-ай ертұрманын. 
Асқар әке!  Қадірлім сенің арқаң, 
Үйленіп өз алдыма ел болғаным. 

Мақсаттымды шегелеп тағалаған, 
Қатемді ашуменен саралаған. 
Әкешім жанымда бол! ! !  Тілейді ғой, 
Кешегі қара бұзау қара балаң. 

Әкесі бар шаңырақ берекелі ел, 
Әкесі бар шаңырақ өнегелі ел. 
Атадеп ақылыңмен өсіп өнсін, 
Үйдегі сені іздейтін немерелер. 

Намысымды қайрайтын арымда бол, 
Өзің берген бақыттың бағында бол. 
Құдайдан жалғыз ғана тілейтінім, 
ӘКЕШІМ өмірбақи жанымда бол. 

                   Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ

Share: