Тағдыр

28.11.2017 5200

 

-Әке,әке ...-деп шаттана жеткен дауысқа елең етіп есіктен кіріп келе жатқан 8жасар ұлымның алдынан шықтым:
-Ау, батырым не болды?
-Әке бүгін мұғалима апайымыз ертеңгі сынып сағатқа тапсырма берді. Ата-аналарыңнан сұрап жаттап келіңдер деді. Ұлымның қылығына қызығып:
-Ә, ол қандай тапсырма екен айта ғой көмектесейін. Кәне тыңдап тұрмын.
-Мұғалима апайымыз жеті аталарыңды жаттап келіңдер деді. Әке жеті ата деген олар кімдер?!
Ұлымның бұл сұрағы үстімнен жай түскендей болды. Жеті атамды тұрмақ өзімнің қай жүзден,қай рүдан тарайтынымды білмейтін мен бейбақ ұлыма не дерімді білмедім.. Іштей қысылдым, күмілжіп бірдеме айтпақшы болып едім...
-Менің ханзадам сабақтан келіп қалған ба, қалайсың? Сабағың қалай өтті? Кәне жүре ғой жеті атаң жайлы мен айтып берейін - деген келіншегімнің даусы бөлді. Келіншегім менің бұл сұраққа жауап бере алмайтынымды білген соң:
-Уайымдама Азамат өзім түсіндірем-деді де баламызды бөлмесіне алып кетті. Мен түсіндірер едім,амал нешік. Амал қанша...
Аласапыран оймен ас үй бөлмесіне кіріп орындыққа отыра кеттім...Ішімді күйініш өртеп барады. Өмірімде бірінші рет ұлымның сұрағына жауап бере алмай қиналдым. Қайран қатігез дүние...
Жетімдік. Жетім дүние. Жетім өмір. Осы шерлі тауқымет еңгезердей ер азаматтығымды қайыстыратта жүреді. Өзім де сезіп едім өткен өмір алдымнан шығатынын.
Шақалақ кезімнен балалар үйінің жаялығымен өскен мен ата-ана мейрімінен жұрдай болдым. Әкем кім,анам кім,ата-тегім кім осының бәрі маған жат. Бар білгенім балалар үйінен алған Азамат деген есім. Балалар үйіне түскелі ешкім артымнан іздемегеніне қарағанда менің мына жалғанда туған әке-шешем жоқтығына бүгін міне тағы көзім жетіп отыр. Мен кіммін,кімнің ұрпағымын?!
Мазасыз сұрақтың маңайында көзіме жас алдым. Есейгелі бері жыламаған көз жасқа ерік бердім. Не істеймін, артымдағы ұрпағыма не деймін...
-Мен неге...
-Неге...
-ЖЕТІММІН!!!

                       Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 

Share: