Ақ жауын қыз.
28.11.2017
5674
Өткенді еске салып тағдыр бүгін,
Өзің жайлы айтады әрбір түнім.
Солардан ерекшелеу түрленеді,
Ызғарлы болғанымен жаңбырлы түн.
Жолықтың сол бір түні-ау жаңбыр жауған,
Жан едің сол күндері әркімге арман.
Құлазып жүргенімде жалғыздықтан,
Дауа таптым қаракөз жәудір жаннан.
Сондағы ажарлы едің ақ жауыңдай,
Ажарыңа жүрегім ақтарылдай.
Пейілімді қайтарар деп ойладым,
Сыр бүгіп жауап маған қатпадың жай.
Тіл қатпадың алайда ым білдірдің,
Жауыныңмен көңілді сілкіндірдің.
Ақ жауыным аяулы аңсарым ай,
Бұл күнде жары болдың шіркін кімнің.
Сағынышқа бөлеп-ай жаңбырлы қыз,
Жалғызсырап жауады жаңбырлы күз.
Пайдамызға жарата алмадық- ай,
Жаңбыр берген ғажайып тағдырды біз.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
Share: