Өтіп жатқан өмірдің көктемі жоқ күзі бар. Шумақтар

29.11.2017 7203

Қап- қатты, мықты қамалым.

Уәдесіз, өксіп дала мұң,
Куәсі болып наланың,
Куәсі болып жаланың,
Мен бір тұрғыны қаланың.

Талай тұлға адамның
Алмай ұғына амалын
Мұңмен, қайғы аралас,
Тұрғызғанмын қамалын.

Қап- қатты темір қамалым,
Сұп-суық шерлі жанарын,
Көрсетпе ешбір пенденің,
Қап- қара ниет амалын.

Қап- қатты темір қамалым,
Тым биік саған талабым,
Көрсетпегін ешқашан,
Ақ батасыз бабаны,
Батыры жоқ даланы
Ақ жаулықсыз ананы,
Қанағатсыз баланы,
Аманантсыз даланы
Шапағаты аз сананы
Көрсетпегін қамалым...
Мырзаш Лязат

Share: