ТҮН АҢҚЫҒАН

23.06.2017 5739

 

Түн қойнында жұлдыздар – аңқымалы, 
Таңға дейін басылмас жан құмары. 
Жарқ-жұрқ еткен аспан тұр теңіз құсап, 
Қиялымды толқытты-ау шалқып әні.

 

Қос ғашықтың басына дәурен орнап, 
Таңға дейін жанымен әуре болмақ. 
Тылсым тілде сөйлесіп жұлдыздардай, 
Жүректеріне айтекті сәуле қонбақ...

 

Асыл нұрдан жаралған жан сірәдан, 
Құс жолымен жетсем ғой ғаршыға аман. 
Хақтың берген аянын өлеңдетіп, 
Қақ төбемнен жұлдыздар тамшылаған.

 

Жалқындана менің де тамды жасым, 
Жалғыз қалып жыласаң жанды ұғасың. 
Жазғы түннің құшағы әткеншек боп, 
Жұлдыздарды тербетер – мәңгі жасыл...

 

2012

Share: