Суық күлкінің сыры

05.12.2017 5484

                                                  Суық күлкінің сыры

Қаршыға әрі аунады,бері аунады. Мөңқіп шыққан арақтың йісінен жиіркенуді де қойды. Оған, дәл, осы сәтте көзі ілініп, ұйықтап кетсе болғаны,басқа тілері жоқтай көрінді.Не үшін сылқия тойып алғанын өзі де білмейді,мүмкін кешегі күнді ұмытқысы келген болар. Ол күнді ұмыттыруға сайтан асының да дәрменсіз екенін Қаршыға өзінің әлі де көз ілмей, дөңбекшіп жатқанынан сезеді.Асхананың бір істеп-бір істемейтін су кранынан тық-тық етіп түскен әр тамшы енді Қаршығаны ұйқыға емес, бір жұтым суға зәру қылып қойды. Бойындағы бар күшін жинап басын әрең көтерген ол, топ етіп ,ағаш еденге қайта құлады. Төсекке жете алмай, денесі кілемде, басы еденде жатқанын, ол енді аңғарды. Денесі мұздап барады. Әлсін-әлсін жыпылықтата көзін ашып еді, диван доңғалағының жанында жатқан күміс сырға көзіне оттай басылды. Түпсіз терең ойлардан жан дүниесі алқам-салқам болып жатқан Қаршығаның жүзіне қара түнек одан сайын үймелей қалып, «Талшын» ,-деп айқайлап жібергенін сезбей де қалды.Үш бөлмелі пәтердің әр бөлмесін аралап, өзінің ғана дауысы өзіне жетіп келді. Одан кейінгісі тым-тырыс тыныштық, ләм деген, мим деген пенде жоқ. Қаршыға тауып алған сырғаны қолында қатты қысып, ет жүрегі тілім-тілім, көзін қатты жұмып, ұйықтап қалды.Сәл секундтардан кейін дәл төбе тұсынан сыңғырлаған қыз дауысы, нәзік үн, Қаршығаның құлағына,
-Ия, -деген сөз естілді. Жеделдете басын тағыда көтерді. Өз көзіне өзі сенер емес. Қараңғы бөлмеге терезеден түскен ай сәулесі сол кешегі қоңыр төсекті әппәқ етіп, үстіне Талшынды кешегідей күлімсірете отырғызып қойыпты. Қаршығаның үстіндегі тер қатқан көйлегі сауыттай ауыр, қимылдатар емес. Сол кешегі суық күлкі, Талшынның өне бойынан Қаршыға ғашық болған сол баяғы бұзау көздері жымия әлі қарап тұр. Осы хәлімді Талшынның көзіне көрсетіп Құдай жазамды берді-ау деді ішінен Қаршыға.
Өңімбе?әлде,түсімбе?- деп, Талшын-деді. Талшыны кідіртпей-ақ ия-деді. Кешегісі қайталанып жатқандай, таныс ауа, таныс үй. Ендігі тұруға шамасы келіп-ақ тұр, бірақ мына жәйтқа есі жетпей, Талшынға қадалып қараған күйі қатты да қалды. Қолына қысқан сырғасы алақанында еріп кетердей ысып барады. Кенет, ойларының ең тереңінің біріне барып келіп үрейлі, діріл қатқан дауыспен :
- Мен сырғаңды таптым!-деді Қаршыға. Ал, ол әлі күліп тұр, үн жоқ, суық қүлкі. Құдай өзі жаратқан пендесінің күлкісін осыншама суық қыларма еді?!
                                                         

                                                            ****

Ертең Талшынның туылған күні.Қаршыға оған не сыйларын білмей дал болып сабақта отыр.Қасында отырған жардан-жалғыз досы Манас, телефон арқылы біреумен күбжіңдесіп,Қаршығаның ойлануына мұрша берер емес.Сабақ соңына жетті-ау деген кез болатын.Манас оймен әлек болған досына біраз қарап тұрды да :
- Қарызымды қашан қайтарасың ей, жүгермек-деп, желкесінен қойып қалды. Селк ете қалған Қаршыға :
- Кетшей әрімен! Аласың өгізің туғанда- деп бұлда жекіріп берді.
- Қаршыға,көрдіңғой қызбен сөлескенімді, ертең шықырып жатыр,бармасам болмайды. Білесіңғой шақырған жерден қалма деген- деп, Манас жадырап-жайнап сала берді.
- Туу не қылғн адамсыңи а? ал, мә ! Ертеңгі күні арғы дүниеге барғанымда сұрап жүрме, санап ал да жоғалшы- деді де, Қаршыға сол күйі Көк базарға тарта берді.Талшынға не сыйларын тапқандай- ақ, шағын ғана, түрлі түсті лағыл тастармен безендіріген раушан гүл тектес, күміс жүзікпен сырғаны көрді. Ақшасы жетіңкіремей тұр. Әлгі атаңа нәлет Манас болмағанда екеуін бірдей аларем ,бұғанда шүкір деді де, күміс сырғаны сатып алды. Сырғаны қобдишасынан алып,әрі қарап-бері қарап,сыйлығына көңілі толып таңды атқызды. Талшынға тосыннан сый жасайын деп ертеңгісін ертелеп сатып алған сырғасын Талшынның құлағына тақтыда,туылған күнді кешкісін екеуі ғана тойлататын болып келісіп, екеуі екі жаққа, сабақтарына кете барды. Талшын қуанып қалды, ә?- деп,Қаршыға сабақтан да шықты. Ал,Талшын болса оны 28-гвардияшылар паркінде күтетінін телефон арқылып айтып қойды. Неге екені, Талшынның дауысы телефон тұтқасынан әлсін-әлсін шығып, бір жайттың болғанын Қаршығаға айта алған жоқ. Мұны айтпаса да Қаршыға сезді. Аласұрып жүгіріп келген Қаршыға Талшынның беймазалау түрін көріп,
- Сен олай қалжыңдама,бүгін олай істеуге болмайды- деп көңілін аулап жатқанда, таңертең өз қолымен таққан сырғаның бірі Талшынның құлағында жоқ екенін көрді. Бұл мұңды күйге осы сырғаға бола түскен екенғой деп пайымдаған Қаршыға,сыйлығының бағалы болғанына шүбә келетін ойлардан арылып, Талшынның шынымен өзін-өзі кінәлі сезініп тұрғанына қуанып қалды. Мұнысы жөн де шығар деп, одан әрі Қаршыға қызының көңілін аулай берді. Шындығында не болғанын Талшын да айтқан жоқ, Қаршыға да қайталап сұрамады.Екеуі қыдырып кете берді.

                                            ****
 

Кешкі Алматы қандай сұлу ?! Алатаудан соққан салқын леб ,
Жасыңа да кәріңе алпауыт күш берердей ңөң дерсің. Қаланың әсемдігіне дем беріп тұрған әрбір шамды бір-бір қыздың мөлдіреген көз жанары дер болсақ, Қаршығаға солардың ең сұлуы Талшынның ботадай, бұзау көздері еді. Олар көп уақыт серуендеді. Осы бақытты кез мүлде таусылмаса екен деп Қаршыға Талшынын қимай-қимай жатақханасына дейін шығарып салуға бел буған. Түнгі қала көшелері толассыз ағылған көліктерге лық толы. Әдетте, Гоголь-көшесінде мұншама көп көлік болмаушы еді. Әрбір көліктің жарығы,онымен қоса көше бойындағы талдарға ілінген шамдар,бәрі-бәрі де екеуі үшін ғана мына дүниені жарқыратып тұрғандай көрінеді. Бұл бір Қаршығаның бақытты кезі болатын.
- Қаршыға, біз қайда барамыз? Алғашында Талшын қойған бұл сұраққа Қаршыға аса қатты мән бермей,күліп жіберіп:
-Енді көшеде жатпаймызғой,сені жатақханаңа апарамын-деді.Талшынның мұрны бұртия қалып,мен онда бармаймын деп қыңыр ете қалды. Қаршыға тоқтай қалып, енді қайда бармақсың ? сен жаман қыз болма,жүреғой-деп қолынан сүйреп бара жатты. Кетіп бара Талшын Қаршығаның қолын бір сілтеп,мен онда бармаймын,сенімен бірге болғым келеді,сөйлескім келеді деді.
-Ал, Айтабер. Қаршыға ашуланған сыңай танытты.
-Жоқ ,тыныш жерге барайықшы, мүмкін күндік пәтер алармыз?
Қаршыға мына сөздерден кейін не сөнерін,не жанарын білмей,жапан түзде жалғыз қалған адамдай есеңгіреп қалғаны сол еді,жүрші енді-деп Талшын Қаршығаның қолынан ұстаған күйі Қонаев-көшесі бойындағы бір пәтерден шыға келді.Пәтердің есігін ашып,кіріп келгенде не болып жатқанын түсінсе де түсінгісі келмеген Қаршыға Талшынның үш бөлмелі әлгі пәтер жарықтарын өз үйіндегідей бірітіндеп тауып барып жаққанын аңғарған жоқ. Екеуі отырып шәй ішті,күлісті,ойнасты. Талшын құлағнындағы сырғаның бірінің жоқ екенін білеме өзі,білмейме? Қаршығаның ұштаспай,келіспей жатқан ойларының ішінен жылт еткен тағы бір түсініксіз күмән.
-Түн ортасы ауып барады,қатты шаршадым,ұйықтайықшы -деді,Талшын ыдыс-аяқты жуып жатып.Қаршыға орнынан бәсеңдеу тұрып бара,Қаршыға ол қызға қолыңның ұшы да тиуші болмасын-деп ішінен сыбырлай,терезеден ай сәулесі түсіп тұрған қоңыр төсекке жақындады да,мен осында,ал Талшын мына диванға жатады,бойы да дәл келеді екен деп ай сәулесі ағартқан қоңыр төсекке қисая кетті. Артынан іле-шала Талшында келіп,диванға бір қарап,Қаршыға жатқан қоңыр төсекке бір қарап,өмір мен өлімнің алдында таңдау жасап тұрған адамдай кідіріп Қаршығаның жанына отыра кетті.Екеуі ұзақ сөйлесті. Майда қыңыр әңгіме. Бір кезде сөздері таусылған адамдардай,мылқауларша бір-біріне ұзақ қарап тұрды да,Талшын Қаршығаның жастығына басын қойды. Сүйгені қасынан бір елі жатқан Қаршыға қанша титықтаса да Талшын міне қазір қойынына кіріп кетердей күй кешіп әбден мазасы қашты.Екеуі әппәқ шатырға қарап,ол жерде жоқ сызықтарды іздеп жатқандай алаңды. Сәл өтіп, Талшын орнынан тұрды да түюлі бұрымын арқасына жайып тастап қайта жатты. Енді ол Қаршығаға қарап, бір жамбаспен жатыр. Қаршыға да бұрыла жатты. Бір-бірінің демдері өбісіп жатқан сыңайлы,әр тыныстарында екі жүрек лүпілі соқтығысып жатыр. Бір кезде Қаршыға қыздың жайылып жатқан шашын сипай,оған бір,айтар сөзіне бір, ойлана:
-Мен сені кештім,әлі кеше аламын -деді де Талшынның маңдайына ернін тигізіп,қатты құшақтап,ал енді ұйықта деді.
Бозарып ерте таң атты.Қаршыға түнімен ұйықтаған жоқ. Қойынындағы періштесін қызғыштай қорып жатқан.Талшынның телефоны Таң намазы уақытында шырылдап қоя берді. Орталық мешіттен Азан шықырылды. Дәл осы сәтте ғана Қаршыға Талшынның намаз оқитынын есіне түсірді. Түнде бір Алланың өзі жар болғанына қуанған ол,Алланы мадақтады. Ұйықтап жатқан Талшынды тұрғызды да оны шығарып салуға қамдануда. Жарты сағат,жиырма минөттік жаяу жол. Қос ғашық көше бойымен қол ұстасып,күлісіп келеді. Талшынның түндегі жайтқа ыңғайсызданғаны болар деді де өзінің әрбір айтқан сөзіне күле қараған Талшынның үзік-үзік күлкісін елемей келе жатыр. Әне-міне дегенше жатақханаға да келіп жетті. Есік алдында ол күледі,бұл қимайды. Талшын кешегі түнге дейін мұндай болмайтын. Күліп-күліп кіріп кетеді.Тас түскен жеріне ауыр,не болғанын Қаршыға түсінбе-ақ қойды. Сырға жайында сұрайын деп еді,ұмытып кетіпті.Не істерін білер емес. Енді бір өзіне келгенде,ол соңғы партада лекцияда отырды. Жылтың етіп Манас бауыры:
- Әй жүгермек,барсыңба? -деп қасына жетіп келді.
- Жәй,Жүрген..., деген ол мына бір күннің ауыр жүгінен арылайын деген оймен өзің не істедің әлгі қызыңды деп сұрап қалды. Болмаса жан баласымен тілдесуге зауқы соқпай тұр.
- Пәлен деген қызбен танысып,сеннен алған ақшаға сол күні түсте,түген деген жерден пәтер алып,соғып тынбай жүрген асау жүректі орнына қойып қойдық-деп,ағынан жарылып,болғанның бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып жатқан ол Қаршығаның боп-боз болып бозарып кеткенін,көрер емес.Манас өз досын жағасы жыртылып кетердей сәтте әрең тоқтатып алды.
- Жалған Манас, шыныңды айт әйтпесе...ашуға булыққан Қаршыға жанын қоярға жер таппай ызалануда.
- өй мынау жынды екеней,сенбесең кетшей! Неге ғана айттым-деп, Манас айтқанына пұшайман жеп қалды.
- Шынымен солай болғаныма?!
- Шынымен солай болғаныма?!
- Шынымен солай болғаныма?! А?-деп,мас болып ыстақанмен сөйлесіп отырған досын, Манас түн ортасында екеуі жйі келетін ресторандардың бірінен тауып алып, Қонаев көшесі бойындағы сол баяғы пәтерге сүйрелеп-қолтықтап әрең алып келді де досына қабағы түйіліп,
- Малғұн неме,жат осылай,сол керек саған,бір қызға бола өле қалғаныная мынаның-деп еденге тастай салды. Сол жатқанында диван доңғалағының астынан Талшынға өзі таққан сырғаның екінші жұбын тауып алды. Қаршығаның есін білмей,мастықтан Талшын деп отырғаны,көзіне елестеп,қоңыр төсек үстінде отырған жардан-жалғыз досы Манас еді. Оқыста диван астына түсіп кеткен сырғаны тауып алғанда ғана, Қаршыға, кеше  Талшынның түске дейін Манаспен, түстен кейін ғана осы пәтерде өзімен болғанына көзі жетті. Көзін тарс жұмды Қаршыға,демін сәл кідіртті.Манас істегенді,мен істемеппін.Талшынның мұрнының астындағы суық күлкісінің астыра осында екен. Мүмкін,  сол кеште араққа сылқия тоймай,түнге қалмай,жатақханаға қонып, бұл пәтерге қайта келіп,сырғаны тауып алмағанда Қаршыға Манастың сөзіне сенбей де жүреберерма еді,кім білсін?
                                                         ****
Хандық дәуір әдебиеті сабағы.
-Үйге берілген тапсырма – Шортанбай Қанайұлы. Ал, тақтаға кім шығады? Ммм...Манас- деді Мұғалима.Манастың жолы болды, әйтпесе Қаршыға да қолын көтеріп тұрған. Ол дәл қазір Манастың сөзбен түйреп, таяқ жегізетінін біледі,басын алдындағы отырған қыздың арқасына тығып,тек көзінің қиығымен ғана қарап отыр.
 - Шортанбай Қанайұлы шығармашылығынан. Манас сабақ айтуын бастап кетті.
- Күнде дәрет алады,
Тақуа болса қатының.
Еріп кетпе ерлерім,
Оныңда байқа ақырын.
Қаршыға мен Манас бір-біріне күлуге шақ жымия қарап қойды, ал өмірлік сабақ жалғаса берді.

 

Share: