Түсінбеймін

12.12.2017 5881

Түсінбеймін...

Түсініп те жатпаймын!

Жандарыңда, бөтен біреу, жаттаймын!

Ойларымыз мүлдем біздің қиыспай,

Айып болмас, арғы бетке аттаймын!

 

Тыстан көрген адамға тым оғаштық,

Талай күндер бірге жүріп, сырластық.

Ал енді тым сайқымазақ кейіппен,

Жасайсыңдар өздеріңше жолдастық.

 

Мен сеземін...

Сеземін де, жасимын.

Ашу буып, тасқын селдей тасимын.

Ондай достық керек емес жолдастар!

Тап сендердің достығыңсыз өмір бар!

 

Мүсіркеймін...

Бос тарығып жүрсіңдер!

Өртенген қара көмір күлсіңдер!

Ниетіміз түзу дейсің құрбылар... қара ноқат...

Елемей оны жүрсіңдер!

Бұзылды жолдастықтың қаймағы

Сұйылыпты, мінезбенен болмыс та...

Шештім солай, бұл ақылдың байламы,

Кеттім жырақ, жүремін мен алыста...

 

Түсінбедім...

Түсініп те жатпаймын.

Бөтен болдың екеуің де ендігі,

Жағаның шетіне арғы аттаймын.

Ақ жүрек пен көңіл мүлдем жеріді.

Енді қайтып оралмаймын, келмеймін.

Он тапталған жерді қайтып баспаймын.

Жалған сағым елестерге сенбеймін.

Бәрін сызып жаңа өмір бастаймын!

Share: