Кеттің де, оралмадың
12.12.2017
4566
Сезімге орап, жүрегіме мұң тұндырып,
Бос қиялға, бос сағымға ұмтылдырып.
Кеттің дағы... оралмадың!
Ал мен болсам, оңа алмадым!
Қинаған сезімменен жүре алмадым!
Ас ішіп, мәз-мейрам боп күле алмадым!
Білесің бе?
Бұл менің – ең алғашқы қиналғаным!
***
Өтер күндер,
Өтер айлар,
Өтер жылдар
Жүрегімде ашылмаған бір сыр бар.
Ол сыр менің жанарымда жылт етіп,
Ол сыр менің жанымды қинап – тырнар.
Сыр қинайды, жыр қинайды жаныңды...
Тулатады, тасытады қаныңды.
Іштей жалмап, үгітеді жайменен...
Мың сынайды, мың сорлайды арыңды!
Share: