Жазық дала

12.12.2017 13723

Жазық дала – шеті аспанға ілескен,

Жазық дала – мен туылып, және өскен.

Жазық дала – сағынышым, құмарым.

Жазық дала – құм аралас жел ескен.

 

Жазық дала туған жерім мекенім.

Жазық дала – өткенім мен ертеңім.

Жазық дала – манаураған нұр сағым

Дала десе жүрегім селт еткені.

 

Сағынамын жазық дала ауылды

Жүректегі сағынышым сарылды.

Қалада жоқ даладағы еркіндік.

Мезі болдым тынысым да тарылды.

 

Ауыл менің алтын бесік мекенім,

Сағынғанда алып-ұшып жетемін.

Тоқтағандай уақыт дағы ол жақта

Бірталай тынығып мен кетемін.

Share: