Бақыт таңы

12.12.2017 6306

Бақыт таңы атқанда тағдырыңда,

Шомылғанда,қуаныштың ақ нұрында.

Білгейсің  қайғылы да күндер барын.

Жайма – шуақ күннен соң болар жауын.

Өмір деген ақ пен қара тізбегі,

Алайда, сен мүлдем үміт үзбегін.

Бақыт, бақ пен қуаныш – ғұмыр кешу.

Өзенінде, өмірдің ескек есу.

Сүрінерсің, шалынарсың жалғанда.

Өмір ол – қиындықпен белдесу.

Әр күніңді қарсы ал көңіл жарқылымен.

Қадам бас бұл заманның қарқынымен,

Жасыңда көзіңде нұр, бойда қайрат.

Қармап ал, білім – өнер артығымен...

Уақыт зулар... жылдар ағар... күндер.

Ез атанба, ұйқыңды аш, еңсе көтер.

Өмір бір рет берілер қайта айналмас

Өміріңнің таңы атқан кезі кетер!

Share: