Ақ жолақты көк қалам
Қаламның да құдыреті бар екен-ау!?
2016 ғой, өткен жыл. Ел қатарлы ҰБТ деген сынақтан өтіп, өзімізге бұйырған баллмен бұйырған қаламызға оқуға түстік. Арадағы ұзақ кезеңде болған əңгімелерді айтпай-ақ қояйын.
Ай, сомен не керек, Қарағандыға оқуға кететін болдық. Түсініп отырсыз ғой, Қарағандыға оқуға түскен екенмін.
Қарағанды. Мəссаған! Ол қандай қала?! Ол қалада ешқандай туысым да, танысым да жоқ. Қалай болар екен деген ойлар миымды айналшақтап қояр емес.
Ауылда, Шақпақ бабада жүргенде, үй тапсырмаларынан қиналсам ас үйдегі атам мен апамның жанына жүгіріп бара қалушы едім. Атамнан математиканы, апамнан орыс тілін көп сұрап алушы едім. Менің көңілімді ещқашан қайтармай, əр көмек сұраған сайын сабағымды үздік орындап баруыма көмектесетін. Ай, кей кезде болушы еді: мына бəле не үшін бұлай боп кетті деп қайта-қайта сұрайтынмын). Қызық.
Əңгімеден ауытқып кеттім ба?! Мəн бермеңіз. Жалғастырайын.
Сомен осы қалаға оқуға түстік. Мойындау керек: оқуға барады екем деп ақша жинамағанмын жаз бойы. Оның үстіне, Қарағандыға кетерімді кім білген.
Қалаға кететін болған соң атамды алып базарға аттандық. Əдеттегіше: атам көліктің рулінде, мен атамның жанындағы орында соткамды ұстап отырамын. Сондағы қызметім: соткамдағы жақсы-жақсы əндерді қойып отыру.))
Базарға менің оқуда пайдаланатын заттарымды қарау үшін келдік. Сол жерлерден бір-екі зат алып, қалғанын Астанадан алатындай болып келістік.
Міне, тақырыптың түбіне енді келдік. Атамның есінде де жоқ шығар, біраз уақыт өтіп кетті ғой. Бірақ менің есімде. Базар аралап жүріп қағаз-қалам сататын жерге келгенде атам:
- Қағаз-қаламдарыңды аласың ба, əлде Астанадан бір-ақ аласың ба?-деді. Баланың көңілі ондай жерде автоматты түрде бір жауап айтады:
- Білмеймін ғой-дедім.
Атам мені үнсіз ғана жетегіне ертіп сол дүкенге кіріп кетті. Міндетім - қайда барса да, атамның артынан жүре беру.
Сомен əлгі дүкенде тұрмыз. Көзіміз қатар тізілген мың түрлі қаламдарда.
- Оқуға бара жатырсың ғой, екі ручка өзім алып берейін, жолыңды ашатын ручка болсын-деп маған мың қаламның ішінен сыртында ақ жолағы бар көк қаламды алып берді. Біреу емес, екеуін. Күлдім де қойдым, басқа ештеңе демедім.
Қалам алдық. Бір-екі дəптер. Қалғаны астанадан бұйырар деп қайтуға бел байладық. Əдеттегіше бір-бір сосиска в тесте мен бір спрайт алып ауылға қайттық.
***
Мен қалаға кететін күн де келді. Алдында атам алып берген қаламдарды ұқыптап, өзім үшін ғана деп жеке салып қойдым. Арада астанада болдым, қаламдарды шығарып ешкімге көрсетпедім. Астаналық базардан қалам-дəптерлер алатын кезде де қаламдарым бар екенін айтпадым.
Сомен бірнеше жүк боп Қарағандыға келдім. Оқу басталған күні алғашқы болатын сабақтағы дəптерімнің басына атам алып берген қаламмен Бісмиллə деп жазып, оқуды бастадым. Сол кезде атамның алып берген қаламы сəттіліктердің бастауы болды деп айта аламын. Алғашқы аралық бақылаулар 90-ның үстінде болды. Атам алған қаламдардың сиясы жеті аптада бітіп қалды. Сомен басқа қалам қолданып, кейінгі бағаларымның сəл нашарлағанын байқадым. Содан кейін атам алып бергендей қалам кездестірген жоқпын. Аздап сабақтарым біртүрлі боп жүрді. Осындай да құдірет бар екен-ау...
***
Əнеугүні Қарағандыда оқу орнымызға жақын бір сауда орталықтарын аралап жүрсем, бір жыл бұрынғы атам алып берген қаламдар тұр екен. Көзге ыстық, қолға жылы боп сезілді. Эхх, ауылдағы атам мен апамды қатты сағынған екем ғой: бағасына қарамастан бесеуін бір-ақ алдым. Бөлмеге келіп қатарынан тізіп қойдым, ұқыптап ұстадым. Басқа қаламдар сияқты екінші шетін аузыма салып тістеп тастаған да жоқпын. Өзімдегі қаламдарды жайына қойып қойып, атам алып бергендей қаламдармен жазуды бастадым. Сол кездегі қаламдардай бұл қаламдар да сəттілік алып келді, сабақтарымдағы барлық бағалар көңілімдегідей бағалар болды.
Екінші аралық кезең басталып кетті. Бүгін дəл сол жерге барып қарасам, сол қаламдар таусылып қалғандай. Көрінбейді. Таппадым.
Ендігіде, тек сол кездегі атам алып бергендей қалам алуға тырысатын болдым.
Нұрғиса қияли екен дерсіз, бірақ жолымды болдыратын бірден бір нəрсе - қалам екенін білдім. Жақсы оқу үшін қалам да əсер ететін сияқты. Əсіресе, сол кездегі атам алып берген, көзге ыстық көрінетін - ақ жолағы бар көк қалам...
Эхх, сағындым!
Нұрғиса Құрманбай
Share: