ТӨРТІНШІ БИЛІККЕ АЙТЫЛҒАН АЛҒЫС

28.12.2017 7069

     Жыл соңы, баршасы бірін-бірі құттықтап, ескі жылдың артта қалуын тілеп, жақсылыққа басталсын деген сөздерді де жиі естіп жатырмыз. Десек те, дәл бүгінгі күні БАҚ өкілдерін басқа-басқа кітапхана марапттап, құттықтайды дегенді алғаш көруім.

         Кітапхана – руханият ордасы деп жиі айтамыз және естиміз. Мән-мағынасы мен астарына жіті үңіле қоймай жеңіл өтіп кететініміз бар. Әйтсе де астарында үлкен мағынаның барын бірі білсе, бірі аңғармай жатады. Жылдық қортындыларды қорыта айтар болсақ бір кітапхана қабырғасында 300-ге тарта іс-шараның өтуі, Халықаралық сипозиумдар өткізіп, түрлі елдер азаматтарымен басшыларын қонақ ету әлем әдебиетшілерін шақыру, кітаптардың тұсауларын кесіп, қалың оқырманмен үздіксіз жұмыс жасап, көңілдерінен шығып қаншама жаңадан келген студенттер мен түрлі саланың қызметкерлеріне кітапханамен таныстыру деген үлкен ҒАНИБЕТТІ ІС.

         Осы бір ҒАНИБЕТТІ ІСТІҢ  басы қасында жүріп, басқарып, ыстық-суығына түсіп жаны шырылдай жүгірген кітапхана басшысы мен кітапхана қызметкерлерінің еңбектері ерен. Сол бір ерен еңбектің жыл соңындағы куәсі бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі болды. Жыл бойындағы атқарылған іс-шаралардың суретін суреттеп, сыйпатын сыйпаттап, эфир есігін айқара ашқан журналисттер қауымын да елеп үлкен сый-құрмет танытылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапxанасы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімін өткізді.

         Марапаттау рәсіміне жарғақ құлағы жастыққа тимей, күн-түн демей ала жүгіретін Ұлттық арнамыз «Қазақстан», «Хабар», «Қазақ», «24Хабар», тарихы терең басылым «Егемен Қазақстан» газеті, қашанда қолыңдағы қара тұтқададан табылатын «БАҚ.кз», «Әдебиет» атты порталдарымыз және тарихтың түп-тұқиянымен жазатын «Қазақстан тарихы» порталы келіп қатысып, әрбірін еңбектері, ұсыныс-тілектері де айтылып, үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

         Бастапқы тілекті журналист Ержан Жаубай:

  • Мен өзім Оскеменде өстім және сол қаладағы бар 4 кітапхананы аралап қай кітапханада не бар екендігін жатқа білем десем де болады. Олар да айнамай таныйтын. Дәл сол секілді Астанадағы өздеріңізге келгеніме міне біршама уақыт сіздердің де кітапханашы мамандарыңыз ілтипаттылықпен қарсы алып, жақсы шыраймен шығарып салады. Ендігі ұсынысым біз жұмыстан кеш шығуымызға байланысты кітапханаға көбіне үлгермей жатамыз, өтініш жұмыс кестесін түнгі 12-ге дейін созсаңыздар екен деймін.

         Сөздің жаны бар екендігін ескерген кітапхана басшысы Ү.Д. Мұналбаева министрлікке айтып, келер жылы енгіземіз деп уәде етті.

Сөз кезегін алған белді журналисттердің бірі Дархан  Абдуахит:

  • Биыл сұқбат алатын бағдарламалар көп болып, жиі келдім. Сол бір бағдарламалардың бірінде осы руханият ордасының басшылығынан сұқбат алу керектігі туындап, өзіңізбен кездесіп, сұқбаттастық. Біз қашан да дайын дүниені көреміз ғой, десекте неше еңбек қаншама шаруалар атқарылуда. Соншама шаруаның арасындада бізді де ескеріп, марапаттап жатырсыз алғысымыз шексіз! Жаңа келе жатқан жаңа жыл жақсылыққа ұлассын!

         «Әдебиет» порталының журналисті Марфуға Шапиян:

  • Алматыда оқыдым, сол жақтың кітапханасына жиі барушы едім. Астанаға келе сала бастапқы келген жерім осы кітапхана болды. Маған қатты ұнағаны үйден отырып кітапқа тапсырыс беру болды. Өйткені кітапханаға келіп барып тапсырыс беру қаншама уақытты алатын шаруа. Сіздер дамылсыз қызмет етесіздер! Ұсынысым – 12 ге дейін жұмыс кестесін созсаңыздар екен және 70-80 жылдардағы мерзіміді басылымдар санын артсаңыздар екен. Істеріңізге тек қана табыс тілейміз!

         «Қазақстан тарихы» порталының журналисті Алтынбек Құмыразақ:

  • Біздегі барлық дереккөздер бірінші осы жерден алынуда. Былтыр 1000 шараға барып қатыстық. Ең бастысы осы кітапхананың жұмысы көрінеді. Тіпті үлгермей қалған жерлерімізді осы әлеуметтік желі арқылы оқып, біліп жатамыз. Қашан да белсендісіздер!

Баршаңызға жаңа жыл табыс әкелсін!

         Түрлі құттықтаулар мен жылы лебіздер, ізгі тілектер айтылып, кітапханамыздың бас журналисті Әсем Сағиқызы да баршасына ілтипатымен алғысын айтып, тілектерін білдірді.

Share: