Қазақ қызы болу керек иманды.

06.01.2018 25642

Қазақ қызы болу керек иманды. (Айжан Байзаковаға... ашық шашық киініп,өмірден адасып жүрген қазақ қыздарына арналады)

Азғындалдың қара көз қарындасым,
Ашық жерің қалмадау сорлы басың.
Байзаковадан үлгі алсаң төсіңді ашып,
Өмір бойы сорлайсың кеппей жасың.

Қыздарымыз жат қылықты жасап тұр,
Айналғанба бəрі бірдей нəсəп қор.
Көйлегінің етегінен жігіттер,
Прахадной двор қылып жасап жүр.

Қателеспе, артыңды ашып, көрсетіп.
Анасыңғой тербететін сен бесік,
Бірақ қайдам түсінбессің сен оны.
Адасқансың түнгі клуб сен кезіп,

Ақшаға сен сатып жүрсің арыңды,
Интернетке арбалған бұл хəліңді.
Тек жазаңды мыны өмірде алмаған,
Ана өмірде төзақ өртер жаныңды.

Нəпсің қозып тыр жалаңаш билейсің.
Қызға қызың артылып ап күйлейсің,
Мен айтқан сөз құлағыңа жетпесе,
Тозақ саған жеткізерін түйгейсің.

Арақ шарап асың болды бұл күні.
Мас боласың, кейіптейсің жындыны,
Жатырыңды темекімен улатсаң,
Баласызбоп қаларсың дар бір күні.

Баласы бар қыздарымда оңбай бір,
Бала деген періштеғой соны біл.
Кей жартыбас көкек ана бұл күні,
Оз баласын туəлетте тастап жүр.

Қазақ қызы арысың сен қазақтың,
Осы күні болып жүрсің мазақ тым.
Кешегі өткен Сабирамен Лəзаттар.
Азаттығы болып еді қазақтың,
Бүгін сендер бұтыңды ашып жүргенде,
Ортасында қалып жүрсің мазақтың.

Өзге үшін арың сенің бес тыйын,
Ұнадыма сорлы болған өз күйің.
Мəншүк пенен Əлияның қасында,
Құның сенің құнсызданған көк тиын.

Сымсыз желі торлағанба санаңды,
Тыңдамайсың қамқор болған анаңды.
Қазақ жігіт бай емес деп бұл күні,
Өзге ұлттан іздеп жүрсің панаңды.

Қазақ қызы арыңды ұста тасада,
Жат қылықты шеттен алып жасама.
Сауабыңды иманыңмен жинайсың,
Саған біреу лайық қылып басама.

Ішім ашып ыза қордан жазамын,
Қайда қарап отсыңдар ау қазағым.
Шеттен келген шырылдатса қызыңды,
Ең ауыры сол ғой бізге жазаның.

Қазақ жігіт көзіңді ашып қарашы,
Уланды ғой қазақ қыздың санасы.
Қазақ қыздың арын қоғап жүріңдер,
Біз болмасақ кім болады панасы.

Нəпсіңменен шашпа қызым жиғанды,
Қазақ қызы болмау керек тым сəнді.
Міндет емес қазақ қызға сұлулық,
Қазақ қызы болу керек иманды

Share: