Өтірік өлеңдер
Тухан Нұрбол 05.03.1998
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы
***
Тышқан жерді зерттеді,
Тасбақаны ерттеді.
Жердің түбін табам деп,
Жер түбіне беттеді.
***
Шаян үлкен ағашты кеміріпті,
Күніне салмақ қосып семіріпті.
Сол ағашты бір жылда тауыса алмай,
Қарсыласы дәуіттен жеңіліпті.
***
Щығарып түрлі қылықты,
Жер жүзін қоңыз қырыпты.
Жердің жүзін жойған соң,
Марсқа барып тұрыпты.
***
Адасып кеткен тауықты,
Қарға іздеп тауыпты.
Ерлігі үшін бір әтеш,
Қарғаға шапан жауыпты.
***
Ерем деп қасқыр түлкіге,
Қалыпты үлкен күлкіге.
Түлкіні қуып жетем деп,
Сүрініп қалды кірпіге.
***
Арыстан мен жолбарыс қой бағыпты,
Қойды қалай жейміз деп ойланыпты.
Қалай жеуді ақыры таппаған соң,
Қойды жеуге болмайды деп ұйғарыпты.
***
Бір тасбақа билікті қолға алыпты,
Кесірткені ат ретінде қолданыпты.
Бір жорыққа щыққанда сол тасбақа,
Артындағы тасымен қорғаныпты.
***
Сатып алып қармақты,
Шегіртке балық аулапты.
Акуланы тарта алмай,
Шулатты барша аумақты.
***
Аша алмай құлыпты,
Күшік он күн тұрыпты.
Аша алмай ақыры,
Басын жерге ұрыпты.
Share: