Көз алдымнан кетпейді сол бір кездер
08.06.2018
5734
Тухан Нұрбол 05.03.1998 Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы
Баяндасам қазақ жайлы,көрген азап өткенді,
Қазақ халқы өзгелерден зауал,зардап көп көрді.
Тарихыма сірә бір сәт үңіліп бір қарасам,
Талай-талай қиындықты бастан кешті,өткерді.
Жазықсыздан зиялылар,жазущылар атылды,
Соғыс келіп,қан төгіспен талай таңды атырды.
Желтоқсанның құрбанына айналды талай жас қазақ,
Жазалады, құрбан етті көзден талай асылды.
Қазақ елін басынып келді, салды талай құрығын,
Азат болдық енді міне ,тәуелсіздік тұғырың.
Ұмытпаймын бабаларды,ел қорғаған ерлерді,
Қазақ елі бейбіт болып,ұзақ болсын ғұмырың.
Share: