Қара күшік

24.10.2018 5665

Ол қайтадан әйеліне барды, қосылайық, табысайық деумен болды. Бірақ, оның сөздеріне әйелі селт етпеді. Тіпті, оның түріне қарап балалар көретін мультфильмдердегі «Снежная королева»  сияқты жүрегі мұз болып қалған ба дейсің. Әрине, оның да көңілі әбден суып, тас болып қалғанда...

Қайтар жолда көлікке мінбей тұңғиық ойға батып келеді. Тек артынан қайдан пайда болғанын бір қара күшік ілесіп қалмады. Түннің де бір уақыты болып қалған кез. Жол бойынан ары-бері қатынаған көлік те көрінбейді. Үстіне бір ауыр жүкті арқалап алғандай аяңдай басып, терең ойға шомылып келеді. Ал, қасындағы сол қара күшік оның жан дүниесін түсінгендей, сырын ұққандай асықпай басып артынан қалмай келеді. Кең  далада екеуі бір-біріне мұңдарын шағып келе жатқандай еді. Бұны ол тек жақсылыққа балап, өмірге деген талпынысы оянып, арқалап келе жатқан жүгін үстінен тастағандай болды. Бойында бір үміттің ұшқыны оянып, қара күшікті тастамай үйіне ертіп келді.

Ертеңгісін ұйқыдан тұрып сыртқа шықса, ол жоқ болып шықты. Келіні оның өзімен магазинге ілесе барып, сонда адасып қалғандығын айтты. Жалма-жан қайта киініп, сол магазин төңірегіне іздеп барды. Қайтадан сол қара күшікті тапты. Ол болса бұралаңдап оған өз өкпесін айтып жатқандай еді. Оның өмірге деген ынтасы, үміті қайта оянғандай болды.

Share: