Мадридте Испания Корольдігінің AECID кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады
2018 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де Испания Корольдігінің AECID кітапханасында (Мадридте) Қазақ әдебиеті мен мәдениет орталығының ашылуы өтеді.
Халықаралық жобаның мақсаты – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, оның дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін, экономиканың қазіргі заманғы мемлекетінің жетістіктерін, саясатты, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.
Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі туралы, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі, сондай-ақ белгілі қазақ жазушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі еңбектері туралы баяндалады. Бұл кітаптар испандық оқырмандардың қызығушылығын тудырады және қазақ халқының мәдени құндылықтарына жақындауға ұмтылады.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Шет елдердің ұлттық кітапханаларында қазақ әдебиет орталықтарының ашылуына арналған халықаралық жобаны жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда әлемнің 27 елінде Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Ньюйорк көпшілік кітапханасы және Конгресс кітапханасы) Якутия республикасы, Чуваш Республикасы, Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Германия кітапханаларында орталықтар ашылып, жұмыс істейді.
Іс шараға ҚР Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов, AECID кітапханасының директоры Мария Арасели Гарсия Мартин, педагогика ғылымдарының доқторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директор Мигель Альберо мырза, елшіліктің дипломаттары, AECID кітапханасының қызметкерлері мен агенттіктері, университет студенттері, қазақ диаспорасы, БАҚ өкілдері және қонақтар.
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Испания Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ашылады.
Share: