Анкарадағы Адырна мен Алтынай

19.12.2018 5168

 

2018 жылдың әз Наурыз мерекесі қарсанында қүрылған Көкту қазақ мәдениеті қоғамы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында мыңжылдық қазақ мәдениетін түрік жұртына түрлі ауқымды мәдени іс-шаралар арқылы танытып келеді. Аталмыш іс-шараны Көкту қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.

 

Соның бір айғағы ретінде Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай қоғам Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Адырна» фольклорлық және этнографиялық ансамблі мен  Алтынай мемлекеттік халық биі тобының Анкара қаласында концертін ұйымдастырды.

 

Мемлекеттік Опера және балет залында болған алқалы шараға ТР Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түрксойдың бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төраға орынбасары Саит Юсуф, Анкарадағы Қазақстан жанашырлары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қазақстандық студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Концертті жүргізген Түркия Республикасы мәдениет министрлігінің Түркі дүниесі музыка ансамблінің әншісі Ферияль Башель Тузун «Адырна» ансамблінің сүйемелдеуінде қазақ xалық әндерін орындап, көрермен ризашылығына бөленді.

Share: