Мән
28.12.2018
5612
Көруге ынтық жан бар ма сəулелі ойдың сұлбасын?..
жан кірпікке ілінген сүртеді əлем мұң жасын.
мынау жұмбақ ғаламды тану да - азап, сүю де,
миығынан бір күліп, мырс еткенде сырласың.
сөздер қалды өткенде - сыңғырлаған жылы ағыс,
көздер қалды көктемде - тұңғиықта, тым алыс.
құшағында аспанның құстар қайтып барады,
жерде қалып тек қана құлқыны көп құр дабыс.
есіл даурен, сен-дағы ескірдің бе шынымен,
елемеген сыңайлы күй кешейін мұны мен.
түн торыса ғаламды, тағы да сол қаламды ап,
табу үшін өзімді жүрегіме үңілем.
мас қылатын көңілді мазасыз шақ бұл-дағы,
мизам бақтың түсіндей түрленеді сыр мəні.
алмағайып ғұмыр-ай, біле алмадым, қайтейін,
айдынына жүректің аққу қонып тұр ма əлі?..
.
Б.Ахмер
Share: