Жалғыздың жолы
Ұлы адамдар өмірінен
Ол осыдан 130 жыл бұрын, 1892 жылдың 1- науырызында дәл айдаһар сағатында, айдаһар күнінде, айдаһар айында Токиода дүниеге келген. Сондықтан оның есімін Рюноскэ деп қойды. Рю сөзінің түпкі мағынасы Айдаһар дегенді білдіреді. Жапондықтарда Айдаһар жоғарғы және төменгі сулардың билеушісі ретінде танылады, ол өте парасатты және мейірбан бірақ өте тұйық, екі жүзді әрі қу. Ол оттан туылған, ал жылағанда жанарынан қан тамады. Жапондықтардың тағы бір аңызы бойынша, күн шығыста айдаһар аспан әлеміне ешқашан аяқ баса алмайды өйткені оған қанат бітпеген. Мен Рюноскэ Акутагава мен оның белгісінің паралелін өткізуден алыстамын, жұлдыз жорамалға да иланбаймын. Бірақ, мына бір аспанға ешқашан аяқ баспайды деген формула тебірентеді, тебірентіп қана қоймайды, көңілді пәс қылады, бұл формула емес – үкім. Рюноскэ дүниеге келгенде оның ата –анасы жас емес еді. Оның әкесі сезіміне селеу түскен жар болса да, бірнеше жайылым жері бар ақшалы азамат болған деген мәлімет қана бар. Ал анасы жайлы сəл көбірек, ол өте зиялы әрі даңқты отбасыдан шыққандығы, ұлы дүниеге келмей тұрып кішкентай қызын жер қойынына тапсырғандығы және өмірінің соңын жындыханада өткізгендігі туралы мәліметтер бар. Анасының жан дертіне ұшырағандығы баланың 9 айлық кезінен байқала бастаған, бәлкім өте қажетті болғандықтан ба екен, жоқ әлде салт бойынша, аруақтар қызды алып кетіп, ендігі ұлды да алып кетеді деді ме, ата-анасы баланы тастанды санап, жапон салты бойынша баланы оқыған, зерделі, парасатты, зиялы әрі кереметтей кітапханасы бар нағашы ағасына тәрбиелікке береді. Әкесі жайлы оның жазғандарында айтылмайды, бірақ анасының бейнесі, оның жан дерті жайлы шығармаларында оқта-текте байқалалып қалады. Ал енді оның «есуастың өмірі» атты автобиографиялық кітабына көз жүгіртейікші:
Ақылынан алжасқандардың барлығы бірдей сұр түстес киім киген, солардың біреуі тырысып-тырмысып физгармонда гимндар ойнап отыр, ал тағы біреуі бөлменің ортасында билеп, секіріп жүр. Ол бұның бәріне жүзі жылы дәрігердің қасында көз жүгірте қарап тұрды. Осыдан он жыл бұрын оның анасының бұлардан ешқандай айырмашылығы жоқ еді. Дәрігер оны дәлізбен бөлмелердің біріне ерте жүрді, бөлменің бұрышында ми салынған спирттенген үлкен оңқалар тұр, олардың бірінен дәл жұмыртқаның ағындай дақтың жалтырын байқады. Ол терезеге қарады, ол жақта шағылған бөтелкелердің сынықтары мен шашылған кірпіш қоршаудан басқа ешнәрсе көзге түсе қоймады, тіпті солардың өзі сұрықсыз шырай танытып тұрғандай. Хоку сынды ұстамды, өзі жайлы үшінші жақтан айтуда. Бірақ, Акутагаваның өмірін білгеннен кейін, оның өміріндегі ең басты қорқынышын табуға болады, ең үлкен қорқынышы–анасының жан дертінің мұрагерлікке қалу қаупі. Сондықтан ең алғаш бөлмеде көрген жарқыл мен дақ одан кейін, қоршаудан көрген мүткім әлемге шашылған, себілген сұрықсыз дақтар саған жұғып кетуі мүмкін, сенің болашағың-жындыханада деп көрсететін есуастықты байқататындай. Оның тағы бір өлім алдында жазған новелласы «азулы дөңгелек», ол әртүрлі ескертпелерден, дәл осындай сәуегейліктен, көріпкелдіктен, оның артынан бір елі қалмайтын әр жерде шашылған белгілерден құйылғандай. Ол дегенің сары түс, қарамен ақтың үйлесімділігі, адамның ұсқынсыздығы, алма сыртына бейнеленген жалғыз мүйіз, бұның бәрі ол үшін бір-ақ нәрсені білдірді, сенің орның-сары үйде. Шизофренияның бір белгісі-бүкіл әлемнің барлығы саған байланысты деген сезім, барлығы саған бір нәрсені айтып тұрғандай, ал айтып тұрғаны теріс, жаман, әрі қорқынышты нәрселер. Мүмкін, барлығы шизофрениядан емес шығар, мүмкін оның бәрі мәңгілік ізденістегі көрегендікпен көмкерілген жазушы қиялы шығар. Қиял ол деген-ғажап нәрсе, ол-қабілет, бірақ ол кімнен келген?! Жаратқаннан ба, әлде...
Татар тілінен аударған: Серікжан Қажытай
Share: