Көне мереке және XXI ғасыр
Наурыз - көне түркі тұсында ресми болған күнтізбенің бірінші айы, демек сол заман үшін жылдың басы, жаңа жыл. Аталмыш мейрам барша түркі тілдес халықтарға ортақ.
Бұл мейрам - жай ғана көне стиль бойынша жылдың басы ғана емес, сонымен қатар 22-ші наурыз күн мен түннің сағат санының астрономиялық тұрғыдан да ресми теңесу күні: 12 түнгі сағат = 12 күндізгі сағат. Яғни, бір жылда бір-ақ рет болатын жазғы уақытқа көшу сәті. Осы күнді күллі Әлем көне заманнан бері-ақ байқаған, әйткенмен, дәстүрлі мереке ретінде тек көбінесе түркі халықтарында ғана сақталып қалды.
Наурыз – біздің халық үшін дәстүрлі мейрам, дала мейрамы, байырғы мейрам. Бізде әлі Григориан күнсанағы жоқ кезде, тіпті Хижра жыл санағы жоқ кезде шығыс күнсанағы болды. Әрі ол күнсанақ наурыз айынан басталды. Бұл сол заманда көшпелі ауылшаруашылыққа негізделген өмірге өте маңызды еді. Қыстау, көктеу, күзеу, жайлау мезгілдерін білу маңызды еді, ал шығыс күнтізбесін соған сәйкес көп ғасырлар бойы үйреншікті болды.
Наурызды қазақ халқы онсызда жыл сайын тойлап жүр. Жай ғана наурыз кезінде өрбитін сюжеттер немесе әйтеуір бір наурыз мейрамымен байланысы бар жаңа фильмдер, пьесалар, кітаптар көптеп шыға берсе, жастар Наурыз мерекесі турасында “Көнерген және далалық ырым екен ғой..” деп қана болса да ақырындап айта бастайтын еді.
Валентин күні деген термин орта ғасырлардың алдында-ақ пайда болып үлгерген еді. Алайда, ол бүгінгі жастарға ұнайды. Себебі, ол “сердечки” сататын бизнеске негізделген мейрам. Ал наурыздың мәні одан да терең һәм одан да кең, әлдеқайда ауқымдырақ. Неге қазақстандық кәсіпке наурызға арналған “домалақ бауырсақ” пішіндес ашық хаттарды (открытка) сата бастамасқа?! Онда мысалға “Я тебя люблю” деп емес, “мен бауырмал, қонақжай халықтың азаматымын!” деп жазылып тұрса. Аталмыш іс-шара жыл сайын тұрақты өтсе, жастар да наурызды әлдеқайда қызыға атап өтер ме еді?!
Share: