Асылым-ау

24.09.2019 3969

Асылым - ау,

аңсап сені күйге енгем?

Жанарыммен тілдесуге үйренгем.

Көзіңізге көзім түссе, ұялып,

Адасамын айтылатын сөздерден.

 

Асылым-ау,

алау ма едің жандырған?

Бақ құсым ба ең иығыма қондырған?

Мөлдірмісің  суаратын жанарды,

Шәрбат па едің сусынымды қандырған?

 

Бақытымсың,

кештеу маған жолыққан,

Торықсам да, еркелеуге  қорыққам.

Тек түсімде сағымыңа тіл қатып,

Сағыныштың азабынан айыққам.

 

Мені ояттың,..

Сені іздейді жүрегім!

Атар таңға ат шаптырды тілегім.

Бақ болсаң да,сор болсаң да қымбатсың,

Ғұмырымда сізді  ғана сүйемін!

 19.08.2019ж.

Share: