Ұнатамын

24.09.2019 4513

Ұнатамын әз анамның күлгенін  

Амандықпен алдымда ұзақ жүргенін

Ұнатамын  әкешімнің  сөздерін

Мейірім тола оның қара  көздерін.

Ұнатамын баламның бал былдырын

 Әкелгендей отбасыма күн нұрын.

Ұнатамын қызымның гүл қылығын

 Балғындығы, еркелігі - қызығым

Ұнатамын ақ әжемнің ақылын

Даналықпен немерем деп сүйгенін.

Ұнатамын сіңлімнің бұлаң қағып

Еркелікпен қадамымнан ергенін.

 Ұнатамын інімнің өр мінезін

Өр мінезбен батылданып жүргенін.

Ұнатамын келінімнің ибамен

Ізетпенен иіліп сәлем бергенін.

Share: