Ханшайымым

25.09.2019 5120

Хабарсызсыз.Көңіліме қар жауды.

Іздеп сізді жүрегімде жар салды.

Жоғалттым ба? Деген ойлар мазалап,

Селдей сезім жасқа ғана ұласты.

Ханшайымдай  жүруші ем нұрлана,

Қараушы едім өзіңізге ұрлана.

Ұялыдан хабар алып,күлімдеп,

Көңілімді басар едім жай ғана.

Ұялыға қайта қайта қараймын.

Ұғатындай жүрегімнің мән жайын.

Елеңдемей, қалай жүрсіз іздемей,

Ұқпайсыз ба көкірегімде сыр барын.

Көндім мейлі, одан басқа не шара?

Күту ғана серік болар сабырға.

Бір үн қатып,Ханшайымым десеңіз,

Үздігемін сыр білдірмей жайлана.

        

 

Share: