Жаныма сәуле сыйлашы
06.11.2019
4875
Бір ренжу бар
Кетпей жүр тіпті жүректен
Өшпек тұғылы
Өршіп келеді көп өкпем.
Тән емес маған десемде
Ерік бермеген
Бұғаулап алдың кектену
Не себептен?
Ерік бермейтін өш пененен кектен
Арылу
Тәңірім бәрі өз қолыңда демеп пе ең?
Таптасын мейлі,
Жанымды жаралай берсін.
Басқалар десін,
Сыртымнан табалай берсін.
Мендегі кекті ұмытардай өтінем,
Жаныма сәуле сыйлашы Аллам кенеттен!!!
Share: