Келші, өмір, сырласайық!
Өкпең болса айтшы өмір, маған деген
Ешкімге де бөлмеген уақытты, саған бөлем.
Жылатарлық соншама неңді алып ем?
Жазықты боп қалдым екен саған неммен?
Келші екеуміз, бір сәт тоқтап ой бөліссек
Дауға бармай бір шешімге келіссек.
Сен мен барда, мен сен барда тірімін
Ақылменен бір арнаға түйіссек.
Мен білмедім, аша алмадым сырларыңды,
Арман жайлы жаза берем жырларымды.
Тек білерім жанымда үмітім бар,
Жалғыз кезіп жүргем жоқ қырларыңды.
********************
Сүйем
Өмірді сүйем
Өмірді сүйем
Қимастықпенен жалғасқан
Сендегі шексіз көңілді сүйем
Ақ пенен қара алмасқан
Биік те биік
Көгімді сүйем
Бұлт басқан сонау қара аспан
Иіп те келіп
Көліңді сүйем
Жағада ойнап таласқан
Гүліңді сүйем
Бүріңді сүйем
Қауызын жарып таңда ашқан
Дінімді сүйем
Тілімді сүйем
Жетім баладай қарны ашқан
Тарау да тарау
Жырыңды сүйем
Шаң басып қалған алдаспан
Жамау да жамау
Мұңымды сүйем
Етегімді ұстап жармасқан
Жете алмай жүрген
Жолдарды сүйем
Бақытқа қарай маң басқан
Кете алмай жүрген
Жандарды сүйем
Сыйластықпенен араласқан
Азан да қазан
Қалаңды сүйем
Тіршілік қайнап қармасқан
Бозаң да бозаң
Далаңды сүйем
Ессіз жел есіп, шаң басқан
***************
Өмірге ғашықпын
Мен өмірге ғашықпын
Күнде алыппен алысқан
Мен әлемге ғашықпын
Зулай уақыт жарысқан
Мен гүлдерге ғашықпын
Қош иіс аңқып ашатын
Мен түндерге ғашықпын
Жұлдыздар жарық шашатын
Мен бұлттарға ғашықпын
Ақ жаңбыр төгіп өтетін
Мен өлеңге ғашықпын
Жылуын сеуіп кететін
Мен тауларға ғашықпын
Құзданып барып құлатқан
Мен өмірге ғашықпын
Жылатып кейін жұбатқан
***************
Ей, өмір
Тұнық ә?
Бұл әлде жіберген сының ба?
Төзгім де келмейді мұныңа
Шашырап ойларым сан-саққа
Алмадым дұрыстап тыныға.
Тығыла
Жансыз қып жіберген ұрыңа
Таңымды бермеймін шұғыла
Өң менен түсімнің арасын
Ала алмай қалсамда ұғына.
Қырыңа
Жүрсем де ұрына
Жолымнан кетсем де бұрыла
Ей, өмір, сен мені алдама!
Мен сенің қанықпын сырыңа!
Сырыңа
Қанықпын жырыңа
Алдыңда тұрсамда жығыла
Қуанып сен ерте кетпеші
Мен сенің шығамын, шыңыңа!
*****************
Өмір-өлім
Өмір - өлім, қорқыныштар әлемі
Көп сарсаңға салды-ау мені, мына өмір әлегі.
Тіршілікке тірі жан боп келген соң
Жақсылықтан болып жүрміз дәмелі.
Мендік жүрек, көп сынаққа төзерме
Әлде уақыт, бақыт іздеп кезерме.
Мына жарық дүниенің сындарын
Сарсаң болған мына ақыл сезерме
Бәрі өтер бұл фәниден білемін
Сол үшін де тағдырыма көнемін.
Жылай-жылай көл еткенше маңайды
Мақсат қойып, алға жылжып келемін.
Ей өмірім, сен маған қабақ түйме
Ашуланба, таусылады тағат кейде.
Армандарым көп менің ойға алған
Сәтін салып орындалар, сабақты ине.
Жылжып жатыр тоқтамай сағаттарым
Күн сайын артып келет(ді) талаптарың.
Әйтеуір жетер жерім белгіліғой
Не етем, (өткен, бүгін, келерді) санап бәрін?
Share: