ОТАН, ЕЛ, ҚОҒАМ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ОТАН, ЕЛ, ҚОҒАМ ТУРАЛЫ
Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
***
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
***
Отанды сүю — от басынан басталады.
***
Отан оттан да ыстық.
***
Ел іші — алтын бесік.
***
Пәлен жерде алтын бар,
өз жеріңдей қайда бар.
***
Ел-елдің бәрі жақсы,
өз елің бәрінен де жақсы.
***
Ел аралаған сыншы болады,
тоғай аралаған үйші болады.
***
Әркімнің өз жері —жұмақ.
***
Ер — елінде, гүл —жерінде.
***
Өз елінде көртышқан да батыр.
***
Өз елінің иті де қадірлі.
***
Туған жердің қадірін,
шетте жүрсең білерсің.
***
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
***
Үйде оңбаған, түзде де оңбайды.
***
Құртақандай торғай да,
өз ұясын қорғайды.
***
Бақа көлінде патша,
балық суында патша,
жігіт елінде патша.
***
Пәлен жерде алтын бар,
іздеп барсаң мыс та жоқ.
***
Елінен безген ер болмас,
көлінен безген қаз болмас.
***
Сағынған елін аңсайды,
сары ала қаз көлін аңсайды.
***
Ат айналып қазығын табар,
ер айналып елін табар.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
қайтып үйірін тапқан соң.
***
Жат жердің қаршығасынан,
өз еліңнің қарғасы артық.
***
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
елінен айырылған өлгенше жылайды.
***
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол.
******
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
***
Туған жердің ауасы да шипа.
***
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
***
Егілмеген жер жетім,
елінен айырылған ер жетім.
***
Отанға опасыздық еткенің,
өз түбіңе өзің жеткенің.
***
Туған жерге туың тік.
***
Жақсы жігіт жер шолып,
ақыр түбі айналар.
***
Туған жердің күні де ыстық,
түні де ыстық.
***
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар,
ер үйрін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
***
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
***
Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
***
Ел іші алтын бесік.
***
Өз елімнің басы болмасам да,
сайының тасы болайын.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
***
Айырылған ел тозады,
қосылған ел озады.
***
Адассаң еліңмен адас.
***
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.
***
Әр елдің заңы басқа,
иттері қара қасқа.
***
Бейбіт елде береке бар.
***
Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
***
Бозбала бастаған ел оңбас,
құралай бастаған киік оңбас.
***
Бүлінген елден бүлдіргі алма.
***
Болар елдің баласы, бірін-бірі батырым дейді,
тозар еддің баласы, бірін-бірі қатыным дейді.
***
Айырылма жұртым, үйіріңнен,
айырылсаң үйіріңнен, қолың кетпес бүйіріңнен.
***
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас,
басшысыз елде береке болмас.
***
Ел ағасыз болмайды,
су сағасыз болмайды.
***
Ел алмаған орнында елу жыл жатады.
***
Ел аузы —дуалы.
Ел аузына қақпақ болмайсың.
***
Туған жердің жуасы да тәтті.
***
Ел барда ер қор болмас,
ер барда ел қор болмас.
***
Елдің ерлігі ерінен танылар,
елдің байлығы жерінен танылар.
***
Ел ебелек емес, ер көбелек емес.
***
Ел қадірін білмеген — зәнталақ,
көл қадірін білмеген — дуадақ.
***
Ел құлағы елу.
******
Ел қонысынан айырылса,
ер қонысынан айырылады.
***
Ел алдына шықпаңыз,
түндікті дұшпан ашпасқа,
ел соңында қалмаңыз,
көзіңді шыбын баспасқа,
ел ортадан кетпеңіз,
қарыныңыз ашпасқа.
***
Ел-елдің түбі бір, ер-ердің тілегі бір.
***
Ел жасымен көрікті,
тау тасымен көрікті,
аяқ асымен көрікті.
***
Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас.
***
Ел іші — береке, көп ісі — мереке.
***
Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар,
жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.
***
Ел ұрысыз болмас, жер бөрісіз болмас.
***
Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
***
Ел үмітін ел ақтар. ер атағын ел сақтар.
***
Ел үшін еркек кіндік құрбандық.
Ел — ырыстың кілті,
ер — ырыстың қорғаны.
***
Иті семіз, малы арық — жер азғаны,
ынтымағы болмаса — ел азғаны.
***
Елдің көркі ерімен,
жердің көркі шөбімен.
***
Ел шетіне жау келсе,
арыстандай айбарлы,
батырлардың бары игі.
***
Елде болса ерінге тиер,
ауылда болса ауызға тиер.
***
Елің жаман болса,
бір жақсыны сағала,
атың жаман болса,
ақ текенің мүйізімен тағала.
***
Елшіге өлім жоқ.
***
Елдестірмек елшіден,
жауластырмақ жаушыдан.
***
Елдің күші — елу батпан.
***
Елің еміренсе, сен тебірен.
***
Елін сатып асаған, екі күн-ақ жасаған.
***
Едді сөкпе, кенді төкпе.
***
Ел мен ел қосылады,
тау мен тау қосылмайды.
***
Ердің ісі елдің мойнында,
елдің ісі ердің қолында.
***
Елу жылда ел жаңа, жүз жылда — қазан.
***
Есі бүтін елден кетпес.
***
Есің бар да елің тап,
есер болмай, етек жап.
***
Естімеген елде көп.
Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
***
Ерден безсең де елден безбе!
***
Ердің сыншысы — елі.
***
Жолдасын таппаған ер азады,
басшысын таппаған ел азады.
***
Жер таусыз болмас, ел хансыз болмас.
***
Жігіті жүзге жеткен елді,
жүзі қара кемітер.
***
Елмен көгерген еленбес.
***
Жұрт бойдаққа қалды,
жүк тайлаққа қалды.
***
Жұрт ауызы — уәлі.
***
Жұртымның жұртында қалайын.
***
Кеңесті ел кем болмас.
***
Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды.
***
Кеңескен ел азбайды, кен пішкен киім тозбайды.
***
Кісі елінде күркірегенше,
өз еліңде сіркіре.
***
Көлден кетсе жалбыз мұң,
елден кетсе, жалғыз мұң.
***
Опасызда отан жоқ.
***
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
***
Қайраны жоқ көлден без,
қайырымы жоқ елден без.
***
Қара жерді жамандама,
қайтып сонда барарсың,
қауым елді жамандама,
қарғысына қаларсың.
***
Қатты жерге қақ тұрар,
ынтымақты елде бақ тұрар.
***
Қармақтың дәні болғанша,
бидайдың сабаны бол,
жаман елдің жақсысы болғанша,
жақсы елдің жаманы бол.
***
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
ынтымағы кетсе, өкініші кетпес.
***
Менде болсын,
менде болмаса елде болсын.
***
Миға ерген дене азбайды,
милыға ерген ел азбайды.
***
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
арың үшін арпалыс, өлмейсің.
***
Отансыз ұл — ормансыз бұлбұл.
***
Өз елім — алтын бесік,
жат елдің — түбі тесік.
***
Өз жұртын танымаған,
кісі еліне би бола алмас.
***
Саудагер — қасық, ел — теңіз.
***
Өзгеге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
***
Өзім үшін туыппын,
жұртым үшін өліппін.
***
Өз елімнің басымын,
басы болмасам сайының тасымын.
***
Өкпеден тиген жел жаман,
елінен безген ер жаман.
***
Ұлықсыз жұрт — бассыз дене.
***
Тау белгісі тас болар,
бай белгісі ас болар,
азған елдің белгісі —
біріне-бірі қас болар.
Шетте жүрсең тарығарсың,
туған елді сағынарсың.
***
Қасықтап алғанмен көл таусылмайды,
қанша ұры алғанмен ел таусылмайды.
Share: