Жарыма
03.02.2021
4846
Сен маған қуат бердің, мейіріммен,
Орын алып бес күндік өмірімнен.
Болып жатқан мендегі бар жақсылық,
Ол сенің, әппақ қардай пейіліңнен.
Сен маған бақ сыйладың батпандағын,
Оған куә, көк аспан әппақ далам.
Сен менің мөлтілдеген жырым едің,
Жазылып, бірақ әлі жатталмаған.
Сен маған ұл сыйладың із басарым,
Мен сол сәтте қуанып бір жасадым.
Қос бақытым, қасымда сендер бар да
Шарықтаған бәсеңсіп тынбас әнім.
Кездескен сәт өзіңмен әлі есімде,
Махабаттың тым әсем кемесінде.
Саусағыңа сары жүзік таққан сәтім
Ұмытылған жоқ, елдің әлі есінде.
Share: