Қыш құмырыдығы гүлдер
25.05.2021
4178
Сұлулуқ барады жаныңды аралап,
Бақытты шығар сәттерің.
Бәрін де келеді тұрғың аялап,
Не деген тәтті едің?!
Гүлдерді тұр құшақтап құмыра,
Мұншама сен неге қамықтың?!.
Жұлынған гүлдердің үн қосқан мұңына,
Арасы секілді түн менен жарықтың.
Бір түбі гүлдің – көктемдей,
Көктемдей тұтас – бір гүлі!
Таңғы ұйқыға кеткендей,
Гүлдердің қосылып кірпігі.
Осылай жүріс де... қажетті жерінде,
Сұлулық осылай ұмтылған көңілге.
Әсемдік тұнады гүлдердің ернінде,
Гүлдерсіз... өмір – өмір ме?!
Қосылған жыр болып жырыңа,
Жылуы жұмсақ оттың шоғындай.
Гүлдерді құшақтап тұр құмыра,
Жүректің сыртының қабындай!
Share: