Жасау

28.07.2021 5128

 

Осы  қыстан шықсам, дүрлене тездеп,

Кетемге кетемін, көктемді көздеп!..

Өзім де білемін анығын... ұқсам,

Ойлар ғана ма?.. мазалаған,

Айтылар сөз көп!..

 

Ағаштың мойында,

Көк мойнақ – тізбек,

Көктемде жүремін мен сені іздеп.

Олар көктемнің жүрегі, дау жоқ,

Олар айтады көктем деген – біз деп...

 

Көк жапырақтай бір-бір тамшы...

Сен де көктемсің –

Жаңбыр жаушы.

Аспанда бұлттар бүршіктеп тұрғандай,

Алыстан естіліп – тамшының даусы.

 

Жылылық іздедік...

Қыстада да қардан,

Үмітті үзбедік жалғап үзіліп қалған.

Сұлулық деген сұсты болады екен,

Қалғаны, өмірде – жалған!..

 

Ой салып өткен... шекер күндерге,

Көздеген мақсатқа жетемін бірге!..

Көктем, сендер көресіңдер мені,

Гүлдеп тұрған биікке көтерілгенде?!.

Share: